Басып шығару нұсқасы
28.10.2016, 10:25

2,3 млн қазақстандықта баспана жоқ

 Қазіргі таңда баспанаға мұқтаж азаматтардың саны 2,3 млн адамды құрайды.

 Соның ішінде 400 мыңы әкімдіктерде кезекте тұр. Тағы 700 мың адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Енді 1,2 млн адам 10 “Нұрлы жерден” үмітті. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі құрылыс және тұрғын ұй шаруашалық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.

Мәселені шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Нұрлы жер бағдарламасының мақсаты – үй салуды тікелей қаржыландырудан ипотекалық несиелендіру мен жеке меншік компаниялардың қаржыланлыруына біртіндеп өтуге жағдай жасау.

Жайымбетовтың айтуынша, алдағы 15 жылда жыл сайын 100 мың пәтерден салынады. “Бәйтерек” холдингінің үйлерінің шаршы метрі 140-180 мың теңге аралығында болады. Ал коммерциялық үйлердің бағасы 240 мың теңгеден жоғары. Ведомства өкілі құрылыс материалдарының 80-90 пайызының Қазақстанда өндірілетінін алға тарта отырып, алдағы уақытта баспана бағасының қымбаттамауы тиіс екенін айтты.

Спикер салынып жатқан үйлер жыл сайын 5-10 пайызға көбейіп жатыр деді.

 

Ұқсас сілтемелер