Басып шығару нұсқасы
24.08.2016, 17:07

Түркі тілді елдерге ортақ тарих оқулығы дайындалды

Мұрат АЙТҚОЖА Мұрат АЙТҚОЖА egemen.kz

Түркі тілді мемлекеттердің ортақ тарих оқулығын даярлау жөніндегі жұмыс аяқталды. Бұл туралы сейсенбі күні өткен брифингте Түркі тілді мемлекеттермен әріптестік кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасанов хабарлады, деп жазады egemen.kz.

«Москва-Баку» агенттігінің жазуынша, ол алдағы қазан айында мүше-мемлекеттер білім министрлерінің кездесуі өтетін айтқан. «Егер сонда оқулық бекітілер болса, ол қараша айында Бішкекте өтетін президенттер саммитінде таныстырылады», деді Гасанов.

Ұқсас сілтемелер