Басып шығару нұсқасы
05.05.2018, 18:08

Қазақстандық бизнесмендер Новосібірге сауда-экономикалық миссиямен барады

2018 жылдың 22 мамыры күні Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бойынша министрлік, Қазақстан Республикасының «Атамекен» КҰП, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы «Новосібір сауда-өндіріс палатасы» одағымен бірлесе отырып, Новосібір қаласында ресми сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.  

Іс-шара барысында ықтимал серіктестерді іздеуге бағытталған іскер байланыстардың биржасы, миссияға қатысушылардың тікелей байланысы болады. Сондай-ақ, бұл шара екі өңір арасындағы кәсіби қарым-қатынастың дамуына бағытталып отыр. Қазақстандық компаниялар тағам өндірісі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық құрал-жабдық пен химиялық өнімдер саласында өз мүмкіндіктерін ұсынады.  Сауда-экономикалық миссия бағдарламасында Қазақстан Республикасы мен Новосібір облысының ресми өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Ұқсас сілтемелер