Басып шығару нұсқасы
28.03.2018, 18:47

Павлодардан Алматыға «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынайтын болды

Павлодардан Алматыға «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынайтын болды Atameken Business Channel

1 сәуірден бастап №31/32 «Павлодар-Алматы» бағытындағы пойыздың стандартты жылжымалы құрамы заманауи «Тұлпар-Тальго» вагондарына алмастырылады.

Жүрдек пойыз күнделікті Павлодар стансысынан сағат 21:11-де шығып, Алматы-2 вокзалына 23:02-де жетеді. Ал кері бағытпен Алматы-2 вокзалынан 16:12-де шыққан пойыз Павлодарға сағат 17:20-да жетеді.

Жаңа кестеге сай, жолаушылар пойызы бұрыннан аялдайтын бекеттердің барлығына тоқтайды. Жол жүруге кететін уақыт оның жылдамдығының артуына байланысты 3 сағатқа қысқарады.

Бұдан тыс, 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Самарқанд-Астана Нұрлы жол» бағдарымен № 251/252 халықаралық пойызы жүре бастайды. Пойыз аптасына бір рет: Астанадан сейсенбі күні, Самарқандтан жексенбі күндері шығады.

©inform.kz

Ұқсас сілтемелер