Басып шығару нұсқасы
28.03.2018, 13:04

Головкиннің атағы Прагада Баян Алагөзваны айыппұлдан құтқарып қалды (видео)

Головкиннің атағы Прагада Баян Алагөзваны айыппұлдан құтқарып қалды (видео) Фото: Informburo.kz

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram желісінде Чехияда түсірілген видеоны жариялады.

Ондағы полицей Геннадий Головкиннің жанкүйері болып шыққан.  Продюсердің айтуынша, олар Прагада жол қозғалысы ережесін бұзған, алайда чех полицей оларды Қазақстаннан келгенін білген сәтте жібере салған. Өзі болса қазақстандық боксшының жанкүйері екенін айтқан. "Головкин не Алматыдан, не Астанадан. Меніңше, ол Астанадан. Оның Максим деген бауыры бар", - дейді видеода полицей. Головкинді жақсы көресіз бе деген сұраққа ол былай деп жауап береді: "Әрине. Головкинді жақсы көремін. Ол жақта Мурат Гассиев та бар. Головкиннің Абель Санчес деген бапкері бар", - дейді полицей.

Дереккөз: Vesti.kz


Ұқсас сілтемелер