Басып шығару нұсқасы
15.03.2018, 16:16

Енді Өзбекстанға пойыз бен ұшақтар жиі қатынайтын болады

Сәуірден бастап «Самарқан-Астана» бағытында N251/252 халықаралық пойызы жолға шығады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Аптасына бір рет қатынайтын бұл пойыз Астанадан сейсенбі күні, ал Самарқаннан жексенбі күні шығатын болады.

Бұдан басқа, осы жылдың 18 наурызынан бастап «Алматы-Ташкент» пойызының жиілігі аптасына екіден үш ретке дейін артады.

Аталған бағыттағы жолды пойыз 17 сағат 17 минутта жүріп өтеді.

Сондай-ақ, Астана -Ташкент әуебағытында ұшу жиілігі аптасына төрттен жетіге дейін, ал Алматы мен Ташкент арасында жетіден он рейске дейін артады.

Ұқсас сілтемелер