Басып шығару нұсқасы
20.02.2018, 11:18

Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді

Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді http://today.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) өзгеріс енгізіп, аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын деген қаулы шығарды.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас сілтемелер