Басып шығару нұсқасы
08.02.2018, 14:24

Өзбекстанда ажырасушылар арнайы салық төлейтін болады

Өзбекстан парламенті Неке және отбасы заңнамасына және «Әйелдерді қолдау және отбасы институтын нығайту бойынша кешенді шаралар бағдарламасына» өзгерістер енгізеді. Оған сәйкес, енді ажырасу ісі тек сот арқылы рәсімделетін болады, деп хабарлайды kazislam.kz.

Сонымен қатар, ажырасуды ұсынған тұлға екінші тұлғаға «бас тарту төлемі» жасауы тиіс. Ал төлемақы сомасын сот анықтайды.

Еске салсақ, қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балалары болмаған жағдайда ерлі-зайыптылар АХАЖ арқылы ажырасу рәсімін жасай алады. Сондай-ақ, өзгертулер некені тіркеу ережелеріне де енгізіледі. Енді АХАЖ-ға некеге тіркеу туралы өтініш мерзімі де ұзартылады (бұрынғы мерзімі – 1 ай). Ал нақты қанша уақытқа созылатыны нақты хабарланбады.

Айта кетсек, жаңа өзгерістер биылғы жылдан бастап енгізіледі деп жоспарланған.

Ұқсас сілтемелер