Басып шығару нұсқасы
14.01.2018, 09:09

Мұзтайғақ кезде құлап, жарақат алмаудың жолдары

Мұзтайғақ кезіндегі іс-қимылдар туралы ОҚО ТЖД жариялаған, деп хабарлайды silteme.kz AA.

КӨК ТАЙҒАҚ – бұл жердің беткі жағында, жаяу жүргінші жолдарында, бұйымдарда (ағаштарда, сымдарда т.с.с.) жауын мен қырау тұманның қатуынан пада болған қатты мұздың қабаты. Негізі көк тайғақ 00 тан 30 байқалады. Қатқан мұздың қалыңдығы бірнеше сантиметр болуы мүмкін.

КӨК МҰЗ – бұл жердің бетіндегі, пайда  болатын немесе жаңбырдан күннің жылуынан кейін күннің суытуы нәтижесінде, сондай ақ жауын тамшыларымен сулы қардың қатуынан пайда болған мұздың жұқа қабаты.

 

КӨК ТАЙҒАҚ НЕМЕСЕ КӨК МҰЗДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Егер ауа райы болжамында, көк тайғақ немесе көк мұз жайлы хабарласа, жарқат алу мүмкіншілігін азайту үшін шара қолданыңыз. Таймайтын аяқ киіміңізді дайындаңыз, өкшесіне темір таға неме паролон қатырыңыз, құрғақ табанға жапсырма немесе изоляциялық лента жапсырыңыз, табаныңызды құм қағазбен егесеңіз болады.

Табаныңызбен толық басып, абайлап,  асықпай қозғалыңыз. Екі аяғыңызбен еркін қолдарыңыз бос болуы керек.Қарт кісілерге таяқ немесе ұштары бүдірленген неиесе резеңке таяқ ұстау ұсынылады.Тайып кетсеңіз құлау биіктігін азайту үшін отырып қалыңыз. Құлап бара жатқанда жерге соққыны жеңілдету үшін жиналуға және сырғанауға тырысыңыз.

Көк тайғақ көбінесе мұз қатуға әкеп соғады. Бұндай жағдайда электр желілеріне аса көңіл бөлген жөн. Егерде сіз үзілген сымдарды көрсеңіз, үзілген орны жайла елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз және сымға жақындамаңыз.

 

МҰЗҒА ҚҰЛАП ЖАРАҚАТ АЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Қажетті медециналық көмек алу үшін ауруханаға немесе травматалогиялық пунктіне жүгініңіз. Керек жағдайда, дәрігер сынған жарақатқа рентген түсірілімін тағайындайды, денедегі жарақат орнын қарап керекті медециналық қызметті көрсетеді. Травматалогиялық пунктіде дәрігер жарақат алғандығы туралы анықтама береді, сосын тұрғылықты мекен-жай бойынша емханадан бюллетень толтырыңыз (жұмыс істейтін тұлғалар үшін) немесе жарақат туралы анықтама (оқушылар мен студенттер үшін) және керекті емді қабылдаңыз (иньекция, физиопроцедура).

Ұқсас сілтемелер