Басып шығару нұсқасы
15.12.2017, 08:39

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасындағы төрт күндік ереуіл аяқталды

Компанияның барлық жұмысшысына жалақы көлемінде бір жолғы сыйақы төленетін болды.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасындағы төрт күндік ереуіл аяқталды, компанияның барлық жұмысшысына жалақы көлемінде бір жолғы сыйақы төленетін болды, деп хабарлайды Today.kz

Сыйақы тағайындау туралы шешімді "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы қабылдады. Бұдан бөлек, жұмыс берушілер 15 желтоқсанды демалыс деп жариялап, жұмысқа 16 желтоқсанда кірісу туралы ұсыныс тастады. 

Таңғы бестегі мәлімет бойынша, шахтада бірде-бір жұмысшы жоқ.

"Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановпен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басинмен кездесуден соң бірінші болып жер бетіне Қазақстан шахтасының кеншілері шыға бастады. Содан соң ізінше Шахта, Тентек және Ленин атындағы шахталардағы жұмыскерлер көтерілді. 01.00-ге қарай барлық кенші (420 адамға жуық) жоғарыда болды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.