Басып шығару нұсқасы
12.12.2017, 22:53

«Агрокредит» компаниясына рахметтен басқа айтарым жоқ – Ж.Үшкемпіров

«Агрокредит» компаниясына рахметтен басқа айтарым жоқ – Ж.Үшкемпіров Фото: Қазақ үні

Олимпиада және әлем чемпионы, спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында кәсіпкерлер мен шаруалар қауымын еріншек болмауға, мемлекеттен несие алуда тиісті құжаттарға бекем болуға шақырды, деп хабарлайды silteme.kz.

Ол басылым өкілінің «Сіздің несиеге деген көзқара­сыңызды білгім келеді. Кәсіпкер үшін мемлекеттен несие алудың қандай қиындықтары бар?» деген сауалына былайша жауап берген.

«Несие алудың ең қиын жері – құ­жатта, өз басым өзгедей қиын­дыққа тап келмедім. Ақша алу үшін алдымен бірқатар құжат жи­на­уың қажет, ал ақшаны бергеннен кейін де үкімет артыңнан қал­май тықақтап оның жайын тексеріп отырады. Бәріне құжатпен жа­уап беруге тиістісің. Менің бү­гінгі таңда көзімнің жеткені – біз­дің көпшілігіміз қарапайым ға­на қажетті құжаттарды қара­пайым түрде ғана толтырып тиісті мекеменің қолына тап-тұйнақтай етіп табыстай алмаймыз, ерін­шектігіміз ұстайды, әлі де болса немқұрайдылығымыз басым. Мәселен, мен белгілі бір соманы алу үшін банктің соңынан 2 жыл жүгірдім, қаншама білімімді сарп еттім. Бірақ, бәрібір өзіміздің ор­тадан тыс ешкімге жалынбадым, ешкімнен көмек сұрамадым. Жанымда қаншама білімді азамат жұмыс істейді, солардың бәрі атсалысты, ақыры 2 жылдан кейін несие ақша қолыма тиді. Қазір «Агрокредит» компаниясына рахметтен басқа айтарым жоқ. «Сіздер осы мерзім ішінде мені өте көп жайтқа үйреттіңіздер», деймін оларға шын жүрегіммен ризашылығымды білдіріп» деп атап өткен спорт ардагері.

Сондай-ақ, Ж.Үшкемпіров өз қарамағында бес мың аналық ірі қара, үш мың бұқа, үш мыңдай жылқы тіркелгенін жәнеден 20 мың гектар жері, 100-ден аса жұмысшы-қызметкері барын атап өткен.

Ұқсас сілтемелер