Басып шығару нұсқасы
30.12.2017, 09:40

Сүттің қандай түрі қант диабетінің алдын алады?

Швеция ғалымдары майы алынбаған сүт өнімдері қант диабетінің алдын алуға көмектесетінін айтты.

Дәрігерлер 27 мың адам қатысқан тәжірибенің нәтижелеріне сүйене отырып, осындай шешімге келген.


Швециялық ғалымдар 14 жыл бойы тәжірибеге қатысушылардың тамақтану рационы мен қан диабеті ауруына шалдығу динамикасын және олардың денсаулығын бақылап отырған.

Бақылаудың нәтижесінде күніне 8 порция майлылығы жоғары сүт өнімдерімен тамақтанғандардың қант диабетімен ауыру ықтималдылығы өте аз болған.

Олардың тамақтану рационында ірімшік (20 грамм), сүт (200 мл), сары май (7 грамм) немесе 25 грамм қаймақ қамтылған.

© kazgazeta.kz

 

Ұқсас сілтемелер