Басып шығару нұсқасы
12.11.2017, 23:41

«Күләш» пен «Шәмші» көркемдік кеңестің талқылауынан өткен жоқ. Тақырып қор болды – Ж.Жолжақсынов

ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов abctv.kz порталына берген сұхбатында Мәдениет немесе Ақпарат министрлігі жанынан  Көркемдік кеңес құру қажет деген ұсыныс айтқан.

Оған портал тілшісі: «КСРО жүйесі кезінде киноны қаржыландыру Голливуд киносын қаржыландырғаннан 10 есе артық еді»  деген пікір бар.  Қазір екінің бірі кино түсіретін болды...» деген болатын.

Өз кезегінде өнер ардагері:

«Бізге Мәдениет немесе Ақпарат министрлігі жанынан  Көркемдік кеңес құру қажет. Мұны  Мейрамбекке жазған хатында  Қали Сәрсенбай да айтты. Осылай болғанда ғана мәселе шешіледі», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, ол «Сериалдар жайлы не айтасыз? «Күләш», «Шәмші» жайлы сериалдарды көрермен жылы қабылдаған жоқ қой..» деген сауалға былай деп жауап берген:

«Күләш» пен «Шәмші» көркемдік кеңестің талқылауынан өткен жоқ. Мемлекет ақша бере салды, түсіру тобы түсіре салды. Тақырып қор болды. Бары осы ғана. Бізде түрік сериалдарынан қалмаудың қамы ғана жасалып жатыр. Мұны жалған намыс дейді. Біз экранды немен толтыруды білмейтін заманда өмір сүріп жатырмыз. Бізде ұлттық, классикалық дүние жоқ. Барлығы көшірме».

Ұқсас сілтемелер