Тоқаевтың той туралы мәлімдемесі елде қызу талқыға түсті
18.09.2018ж.

Тоқаевтың той туралы мәлімдемесі елде қызу талқыға түсті

Тойдағы ысырапшылыққа мемлекет тарапынан тыйым салынуы мүмкін. Талайдан бері сөз болып жүрген мәселені Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев қолдайтындығын білдірді. Егер бұл бастама ереже не заң ретінде қолданысқа енетін болса, таудай торт пісіріп, мейрамхананың ішіне машинамен кіріп келетіндердің әрекеті тоқтауы мүмкін. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Қазақ тойларындағы ысырап пен бейбастақтықтың қандай дәрежеге жеткенін ғаламтор әлдеқашан әйгілеп берген. Жұрт көзіне қарамай  тыр жалаңаш шешінудің өзі қазір сән болмай қалды. Одан бөлек, сала құлаш көлікпен мейрамхананың ортасына кіріп келгенді де көрдік. Ат мініп, алшаң басқандар да талай масқара болды.  Асабалардың әдепсіз ойындарын айтпағанда, қазақ байлары  ұл-қызының қуанышы үшін  алып торттарға тапсырыс беріп ақшаны миллиондап шашудан тайынбайды. Енді мұның бәрі шектелуі мүмкін. Ақпарат құралдары әбден қаузап, жауыр болған тақырыпқа Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев енді ғана қосылды.

- Үйлену және басқа да тойларға деген көзқарасымызды өзгертіп, оларды жаңа үлгіде өткізу туралы БАҚ-та жүріп жатқан пікірталастарды қолдаймын. Көзбояушылық, даңғазалық, ысырапшылдыққа белшеден батпай, бауырлас өзбек, түрік, түркімен xалықтары сияқты ұлттық дәстүрге қарай ойысу қажет, - дейді ол.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер