Басып шығару нұсқасы
02.03.2018, 21:21

Абзал Нүкенов павлодарлық кәсіпкерлерді жастардың бос уақытын инвестициялауға шақырды

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында облыстың жастар белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz.

Кездесуге ЖОО-лар мен колледждердің жастардың өзін-өзі басқару органдары белсенділері, жас мамандар, ғалымдар, волонтерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, жастармен жұмыс жасайтын мамандар қатысты.

Кездесу барысында вице-министр қатысушыларды мемлекеттік жастар саясаты саласындағы министрліктің қызметі туралы хабардар етіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Министрлік жастар саясатын іске асыруды жетілдіру бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізуде. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізгі міндеттерін ескере отырып, 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жаңартылды.

Үкіметтің қаулысымен «Дарын» жастар сыйлығын табыстаудың жаңа ережесі бекітілді. Осылайша, 2017 жылдан бастап жүлде жыл сайын беріледі. Бұл жастарға жақсы ынталандыру.  

Жастар ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл тәжірибелері гранттық қаржыландыру арқылы оларды институционалды нығайтуға баса назар аударылды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша барлық облыстарда жастардың бос уақытын өткізу жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Облыстың кәсіпкерлік секторын жастар үшін, әсіресе шағын қалаларда және ауылдарда жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға белсенді қатысуға шақырамын», - деп А. Нүкенов атап өтті.

Сонымен қатар, вице-министр Павлодар облысында жастар саясатын жүзеге асырудың оң тәжірибесін атап өтті.

«2013 жылдың сәуір айында Павлодар қаласында республика бойынша бірінші болып «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасайтын «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ашылды. Оның тәжірибесі Елбасына таныстырылды. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап волонтерлік қызметті дамытудың Қазақстан бойынша жалғыз орталығы өз жұмысын бастады. Бірнеше жыл бойы «Жасыл ел» аймақтық штабы үздіктердің қатарында», - деді А. Нүкенов.

Өз кезегінде кездесуге қатысушылар өздерінің идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында вице-министр Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында құрылған IT-орталықтың және М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайындағы «Рухани Жаңғыру» кабинетінің ашылуына, сондай-ақ VII Қысқы Универсиаданың ашылуына  қатысты.

Сол күні А. Нүкенов түсті металлургия колледжінің жатақханасында болып, Қазақстан электролиз зауытының базасында жұмысшы жастармен кездесті.

Кездесу барысында вице-министр жастарды жұмысшы мамандықтарын игеруге, «адамдарды тамақтандырып, киіндіретін» өндірістер ашуға шақырды.

2018 жылдың 3 наурызында вице-министр А. Нүкеновтің Павлодар облысының қоғамдық кеңестері мен ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі жоспарланған, сондай-ақ, Волонтерлік қызметті дамыту орталығының  жұмысымен танысады.

Ұқсас сілтемелер