Басып шығару нұсқасы
14.02.2018, 18:55

Қайырымдылық туралы алдыңғы заңды шикі деп есептеймін – Бауыржан Кеңесбекұлы

Қайырымдылық туралы алдыңғы заңды шикі деп есептеймін – Бауыржан Кеңесбекұлы today.kz

Танымал кәсіпкер, меценат Бауыржан Кеңесбекұлы Қазақстанға қайырымдылық туралы нақты заң керек екенін айтты, деп хабарлайды Today.kz. 

2015 жылы елімізде қайырымдылықпен айналысу туралы заң шыққан еді. Алайда меценат бұл заңды шикі деп есептейді. 

"Қайырымдылық туралы нақты заң керек. Алдыңғы заңды шикі деп есептеймін. Мысалы, дамыған елдерде меценаттарға қандай да бір жеңілдіктер бар. Біздің елде ондай жоқ. Бізде керісінше қаржы органдарынан келіп "қайда жұмсап жатсың, кімге, неге?" деп егжей-тегжейлі тергеуі мүмкін. Тіпті, содан кейін қайырымдылықпен айналысқаныңа өкініп те қаласың", - дейді меценат Бауыржан Оспанов. 

Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Оспанов "Алтын қалам 2018" әдеби бәйгесінде әдебиетке көрсеткен көмегі үшін "жылдың үздік меценаты" атанды. 

Жазба авторы: Тойгүл Нұржанқызы