Басып шығару нұсқасы
13.01.2018, 14:05

Көлігі жоқ қыздардың көлігі барларына қарағанда күйеуге шығу мүмкіншілігі 50% жоғары. Неге?

Бұл туралы өзінің фэйсбук парақшасында Samat Nordman Nurtaza есімді қолданушы жазды, деп хабарлайды silteme.kz.

"Көлігі бар қыздардың көлігі жоқ қыздарға қарағанда, күйеуге шығу мүмкіншілігі 50% төмен. Себебі көптеген танысулар қоғамдық көліктерде болып жатады. Оған қоса жаяу қыздар такси ұстап, сол таксиде де танысып жатады. Ал ең басты себеп - көлігі бар қыз, жігіттердің көзқарасымен - тәкәппар, бағынышты емес, бостандықсүйгіш кейпінде қабылданады.

Сондықтан жасыңыз 25-27 асып бара жатса, сұлу көлігіңізді қоя тұрып, жаяу жүріп көріңіз. Мүмкін бір Жаяу Мұсаны кездестіріп қаларсыз..." деп кеңес береді ол.

Фото әлеуметтік желіден алынды.

Ұқсас сілтемелер