Басып шығару нұсқасы
12.01.2018, 09:19

Қатты боран кезінде қалай әрекет ету керек?

Қар басу, боран, көктайғақ кезіндегі іс-қимыл туралы silteme.kz АА жазды.

Жыл сайын қысқы мерзімде халық тек қана төмен температураның әсер етуінен ғана емес, сондай-ақ қар басу, боран, көктайғақ сияқты табиғат құбылыстарынан задап шегеді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайының құрбаны болмас үшін кебір ауа райы факторлары пайда болғандағы өз-өзін ұстау ережелерінің бірқатарын білу керек.

Бірінші

Қатты боран туралы ескертпе алған кезде не істеу керек:

Терезелер, есіктер, шатырлардың есіктері мен вентиляциялық тесіктерді тығыздап жабу қажет;

Терезе әйнектерін қағаз лентамен жабыстырып, қалқандармен жауып қою керек;

Электрқуатын сөндіру мүмкіндігіне дайындалу;

Су, тамақ, медикаменттер, жеке жарық беретін құралдар (шамдар, керосин шамдары/жанғыштар, балауыз шамдар);

Сапарға арналған плитка, батарейкалы радиоқабылдағыш дайындау;

Балкондар мен терезе астынан ауа ағынымен ұшып кететін заттарды алып тастау;

Теледидар мен радиоқабылдағыштарды әрдайым қосылған кұйінде ұстау керек, өйткені аса маңызды ақпараттық хабарлама түсуі мүмкін;

Жеңіл құрылыстардан  бекім ғимараттарға өтіңіз;

Қарды жинау үшін құралдар дайындап қойыңыздар.

 

Екінші

Қатта боран кезінде өз-өзін ұстау ережелері:

Қатты боран туралы хабарламаны алу кезінде:

Бөлмеден тек қана аса маңызды жағдайда шығу керек, егер осындай жағдайдай болып қалса, онда көршілерге, жанұя мүшелеріне қайда кеткеніңіз бен шамамен оралатын уақытыңызды айту керек;

Бөмеден жалғыз кетуге рұқсат етілмейді;

Автокөлікпен жүру тек қана үлкен тас жолдар мен шосселерде рұқсат етіледі;

Автокөліктен шыққан кезде көру аумағында қалу керек

Көлік құралы сынып қалған кезде дабыл беріп, капотты ашып, антеннаға жарқын мата іліп, көмекті көліктің ішінде күту керек;

Жолдан жаяу жүріп адасып қалсаңыз кез-келген үйге кіріп, оның тұрған жерін анықтап, сонда боранның аяқталуын күтуге тырысыңыз;

Егер шаршап қалсаңыз тығылатын жер тауып сонда демалыңыз;

Бейтаныс адамдармен сөйлескенде абай болыңыз, себебі осындай жағдайларда автокөліктерден, үйлерден және қызметтік ғимараттардан рлық саны күрт өседі.

© astana-dchs.gov.kz

Ұқсас сілтемелер