Басып шығару нұсқасы
06.01.2018, 13:16

"Әйелді ұр" деген патриархалды қоғам нормасын алмай-ақ мұсылман болуға болады - Дінтанушы

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан Ризабек Батталұлының "Әйелді əркез ұрып тұруға болады" деген уағызына қатысты жекелеген дінтанушылар да өз фэйсбук парақшаларында пікір білдіре бастады, деп хабарлайды silteme.kz. 

Асылтай Тасболат есімді қолданушы-дінтанушы былай деген:

"Құрандағы әйелді ұрыңдар сыңайындағы аятты конъюнктуралық рең беріп, ол жерде "жаралау" деген мағынада да түсінуге болатын дарб етістігі тұр, яғни ұру деген ауыспалы мағынада, деп жұмсартқаннан түк шықпайды. Бірінші, көркем түрде түсіндір, екінші жалғыз қалдыр, үшінші оған да көнбесе ұр, деген. Мұны жаңағыдай жұмсартып, пайғамбарды француз ақындарындай романтик қылып қажеті жоқ. Бірақ дәл осы үшінші кезектегі ұр деген мағынадағы онда да шарасыздықтан баратын, патриархалды қоғамдағы норманы алмай-ақ мұсылман болуға болады ғой. Ол бір иман шарты емес, діннің міндетті императиві емес. Онсыз да талай аят мансух принципімен үкімін жойған. Мұны историцизм ұстанымы деп жақтырмауы мүмкін көп мамандар. Бірақ үкімнің кеңістік пен уақыт, әлеуметтік шарттарға байланысты қайта қаралуы Пайғамбар заманында да, Құран нәзілінде де болған құбылыс" деген ол.

Ұқсас сілтемелер