Басып шығару нұсқасы
09.01.2018, 10:20

Қыстық киімдердің күтімі: Тондарға қалай күтім жасалады?

Жансая Сыдықбай Жансая Сыдықбай Фото: Luxury

Бұл туралы kazrabat.kz порталында жазылды, деп хабарлайды silteme.kz.

Аң терісінен жасалған тонды күн сайын киюге болмайды. Әшекей сәнді бұйымдар, алқа, білезік тақпаңыз. Орнында үлкен тесік қалады. Темекі мен табактың күлінен, иіссудан да алыс жүріңіз. Себебі, түбіттің арасында иіс ұзақ уақыт сақталып қалады. Опа-далап пен жақпа май және косметикалық заттардың киіміңізге жағылып кетуінен сақтаңыз. Егер тоныңызды былғап алсаңыз, тез арада химиялық тазалауға алып барыңыз. Дымқылданып қалса бөлмедегі температурамен кептіріңіз. Бірақ жылытатын приборлар мен күн сәулесінен аулақта болуы керек. Көлікке мінгенде де түтін шығатын жері мен қыздыратын двигателінен алыстау отырыңыз.

Теріден жасалған тонды иығы салбырап қалмасы үшін ілгішке іліп, күйе түспейтіндей етіп қаптамаға салыңыз. Қаптама біріншіден түбітке түсетін жәндікті тұншықтырса, екіншіден сарғайып кетуден сақтайды. Тон 25 градустан жоғары үйде сақтаулы тұрса, түсі күңгірттеніп, ескіре бастайды. Сол себепті жаз айында қысқы тоныңызды кішкене салқын жерде сақтаңыз.

Ұқсас сілтемелер