Басып шығару нұсқасы
01.01.2018, 09:01

Жаңа жыл: Інілеріңіз бен сіңлілеріңізге не сыйлау қажат?

Інілеріңізге, сіңлілеріңізге сыйлық таңдағанда олардың жасы қаншада екенін ескеру қажет. Олардың таңдауын таба білу қиын сондықтан таңдауды өзі жасау үшін ақша берген дұрыс, өз қалауына жұмсайды. Егер сыйлық аламын деп шешсеңіз: заманға сай құлаққап, ыңғайлы былғары сөмке тамаша сыйлық болады.

Жасөспірім қыздарға ашық түсті, көзге түсерліктей заттардан – мойын орағыш, қолшатыр, сөмке, косметикалық заттар сонымен қоса әртүрлі зергерлік бұйым түрлерін сыйлау керек. Ыңғайлы әрі былғарыдан тігілген сума жақсы сыйлық болады.

Жасөспірім жігіттерге негізінен: телефон, қол сағат, әмиян, сөмке сыйлау керек. 
Егер жас жігіт спортпен шұғылданатын болса, жаттығу құрылғысын, бокс қолғабын немесе бокс тұлыбын (боксерская груша) сыйлауға болады.

Қайнар көзі: bilimdiler.kz

Ұқсас сілтемелер