Басып шығару нұсқасы
12.12.2017, 23:55

Ж.Үшкемпіров шетелден қоралап мал тасудың қажеті жоқтығын айтты

Ж.Үшкемпіров шетелден қоралап мал тасудың қажеті жоқтығын айтты Фото: Алаш айнасы

Олимпиада және әлем чемпионы, спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Өзімізде бола тұра шетелден қоралап мал тасуды жақтырмайтынын айтқан, деп хабарлайды silteme.kz.

Оның айтуынша, өзіміздің кәдімгі Алатаудың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, «Сантагер» тұқымы, т.б. жеткілікті. Бұлар ыстық-суыққа да, тіпті ең ақыры шаңға да төзімді ірі қара саналады. Еті жағынан да, төзімділігі жағынан да шетелдік ірі қараның қай-қайсысын да он орап алады. Бірақ, тәжірибе алмасудың еш зияны жоқ.

«О бастан оған қарсы азаматтың бірімін. Мал тұқымын асылдандырудың толып жатқан басқа да жолдары бар» деп атап өткен спорт ардагері.

Сондай-ақ, Ж.Үшкемпіров өз қарамағында бес мың аналық ірі қара, үш мың бұқа, үш мыңдай жылқы тіркелгенін жәнеден 20 мың гектар жері, 100-ден аса жұмысшы-қызметкері барын әңгімелеген.

 

Ұқсас сілтемелер