Басып шығару нұсқасы
12.12.2017, 22:14

11 000 малы бар спорт ардагері қанша жері барын да айтты

11 000 малы бар спорт ардагері қанша жері барын да айтты Суретті түсірген: Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ

Олимпиада және әлем чемпионы, спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында өзінің кәсіпкерлік жетістіктерімен бөлісті, деп хабарлайды silteme.kz.

Ол басылым өкілінің «Бүгінгі таңда сіздің иелігіңіз­де қанша мал басы бар?» деген сауалына: «Қазір менің қарамағымда бес мың аналық ірі қара, үш мың бұқа, үш мыңдай жылқы тіркелген. Бәрі асыл тұқымды болғандықтан, сатып алушы оны құжаттарымен қоса қабылдайды» деп ағынан жарылған.

Сондай-ақ, «Пайдаланатын жер аумағы­ңыз қанша, егер құпия болмаса?» дегенге, «Оның несі құпия, 20 мың гектар жерді пайдаланамын» дей келе, «Жұмысшы-қызметкерлердің жалпы саны 100-ден асады» деп атап өткен.

Айта кетейік, сұхбат барысында спорт ардагері алыс жақын шетелге жиі сапарлататынын да тілге тиек етіпті. 

«Шетелге жиі шығамын. Мәсе­лен, Франция сапарын­ алайық­шы, біздің Шығыс Қазақстанның же­ріне ұқсастық байқадым. Бізде суық, ал оларда таулы жер, жылы. Сиырларын көрдім, біз секілді көп ұстамайды, ең көбі жүз бас қана. Үйренетін әдістері көп, ын­тымақтаса жұмыс істеп жатырмыз...»  деген Ж.Үшкемпіров.


Ұқсас сілтемелер