Показать содержимое по тегу: Құпия
Понедельник, 22 августа 2016 00:34

Тар джинсидың зияны

Америкалық бренд саналатын «джинси» шалбарларын кимейтін адам бүгінде кемде-кем. Бұл киімді ер де, әйел де тұтынады. Қыздарға арналған джинсилар тар болғандықтан денені айқындап тұратындығы біреулерге ұнаса, енді біреулерлер азар да безер болады. Сәннен ешқашан қалмайтын тар джинсидың зиянды тұстары көп екенін дәрігерлер ескертіп, дабыл қағып отыр, деп жазады ozgepikir.kz.

Жүргізілген зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, үнемі тар шалбар киіп жүретін адамдардың денсаулығында аурудың бірнеше түрі кездеседі екен. Олардың басы жиі айналып, несеп жолдары ауруларына шалдығады. Вашингтондық дәрігер Карен Бойлдың айтуынша, тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенің қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкеліп соғады. Невритке шалдыққан адамның жамбасында шаншу пайда болып, аяғы жиі ұйып қала беретін болады. Осыған орай дәрігерлер жас қыздардың тар джинсидан көрі жұмсақ матадан тігілген кеңдеу шалбар кигені абзалырақ дейді.

Джинсидің ер кісілердің де денсаулығына тигізер зияны жоқ емес. Тар шалбар олардың белден төмен орналасқан тамырларын қысып, қалыпты жұмыс істеуін тоқтауы мүмкін. Мұның салдары еркектік қабілетуке қатысты түрлі ауруларға соқтырады. Сол себепті ер азаматтардың да еркін шалбар кигендері дұрыс. Дәрігерлердің мұндай зерттеуі мен кеңестері күнделікті өмірде ұмыт қалып жатады. Алайда соның салдары өз денсаулығымызға орасан зиян әкелетінін естен шығармауымыз керек.

Опубликовано в Нетократия

1998 жылдан бері iMac әлемге ұсынылғалы бері кіші «і» әрпі Apple-дың құрам бөлігі болып табылады. Мүмкін, бұл – әлемдегі ең әйгілі әріптердің бірі, бірақ көбісі бұл әріптің не мағына беретінін біле бермейді. iPhone-дағы «і» әрпі телефонның ерекшелігі болып табылады. «і» әрпінің негізгі мағынасы – «internet», деп хабарлайды jas.kz.

Опубликовано в Нетократия
Страница 5 из 5

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер