Басып шығару нұсқасы
06.11.2018, 09:01

Доктор Уэйн У.Дайер. Өз өміріңізді өзгертудің 101 жолы

Сіз өз өміріңізді өзгерту, күткен нәтижеге қол жеткізу бірнеше жылдарды алатан ұзақ процесс деп ойлауыңыз мүмкін. Иә. Дегенмен әрқашан да олай емес. Сіз өз өміріңізді аз ғана сәтте,  бір ғана іс арқылы өзгерте аласыз, ол үшін, ең алдымен, ойлайтын ойыңызды, сөйлейтін сөзіңізді өзгертіңіз.

Сіздің ішкі диалогыңыз өміріңіздің барлық саласына әсер етеді. Сондықтан бүгіннен бастап оны жақсы жаққа қарай өзгертуге кірісіңіз.
Бұл жерде мен сіздің өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгертудің 101 жолын ұсынып отырмын. Олардың мәнін терең ойлана отырып оқыңыз да, сол нұсқауларды өз өміріңізде қолданыңыз.
Өз өміріңіздің өзгеруі қазірден басталды деп есептеңіз!

1.    Әр нәрсенің көзге көрінбейтін санасы болатынын біліңіз. Сіз сол құдай берген санамен байланыс жасай аласыз және рахат өмірді туғыза аласыз.

2.    Сізге өзіңіздің іс жүзінде кім екеніңізге, қоршаған табиғи ортамен салыстырғанда кімсіз және ол ортада сіздің өз орныңыз бар екендігіне зер салу керек. Бұл сіздің қасиетті ізденісіңіз болмақ.

3.    Біздің саналы өмірімізде кездейсоқ ештеңе болмайтынына сенімді болыңыз. Сіздің өміріңізде кездесетін нәрселердің барлығы да бізді бірдеңеге үйрететінін сезініңіз. Өміріңізге қатысты жандарға және өзіңізде барға риза болыңыз.

4.    Сізді қоршаған нәрселердің барлығынан және сұлулықтан қуат алыңыз, сонда бұл қуат сіздің бойыңыздағы күш-жігер көзі мен сіздің өміріңіздің мәніне айналады.

5.    Жылы шырайлы, елгезек, саналы болыңыз және Құдаймен жиі сөйлесіңіз. Мұның өзі сіздің адамдармен өзара қарым-қатынаста болсын, денсаулығыңызға қатысты болсын, әртүрлі жағдайларға байланысты мәселелердің шешімін табуға көмектеседі.

6.    Өзіңізді өз күнәларыңыз үшін кешіріңіз. Бұл қателіктерден қорытынды шығарып, сабақ алыңыз.  Өзіңізді кінәлай бергенді қойыңыз. Өзіңізді жазалаудан азат етіңіз. Еркін болу үшін шешім қабылдаңыз.

7.    Мына ескі қағиданы жазып қойыңыз да, күнде оқып жүріңіз: «Бақытты өзіңіз үшін іздесеңіз, ол сізден қашады, оны өзгелер үшін іздесеңіз, бақыт сізді өзі іздеп табады».

8.    Ойыңыздан шықпайтын, сізге «маза бермейтін» барлық жауларыңызды «қуып тастауға» тырысыңыз. Сіздің басыңызда «ұшып» жүрген ойлар өзгелердің ойында да «ұшып» жүр. Сіз олармен өзіңіздің байланысыңызды сезінсеңіз, жек көруді былай қойғанда, олармен «күресу туралы» да ойламайсыз.

9.    Мүмкін емес немесе шындыққа жанаспайды деген нәрсенің бәрін жойыңыз. Сөйтіп, өзіңізге Құдаймен «келісім жасауға» еркіндік беріңіз. Құдайшыл нәрселер мен құдай қызметшілері жөніндегі барлық күмәндарыңызды тексеріп, күдіктен арылыңыз.

10.     Өкпе, реніш дегендер ретсіздікке әкеліп тірейді. Ал байланыстар бейбітшілікке, ынтымаққа әкеледі. Біреуге ренжісеңіз, қанша қиын болса да, ол жөнінде сол адамға айтудың жолын іздеңіз.

11.     Бүгіннен бастап өзіңіздің материалдық ауыртпалығыңызды жеңілдетіңіз. Солай істесеңіз, қор жинақтауға, оны сақтандыруға, орналастыруға т.б аз күш жұмсайсыз. Жекеменшіктерге неғұрлым аз байлансаңыз, соғұрлым оны өзгелермен бөлісуге қабілетті боласыз және өміріңіз де соғұрлым тыныш болады.

12.    Өзгелердің көңілінен шығу үшін жалғандыққа барғаннан гөрі, өзіңізге риза болатындай еңбектеніңіз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен – менмін және қарым-қатынас барысында өзгелерді мейілінше ренжітпесем, ол – жақсылық».

13.    Сіз өзіңіздің асыра ойлайтыныңызды ұмытпаңыз. Өзіңіздің ішкі әлеміңізді өзіңізге қаратып та, қарсы да жұмыс істете біліңіз, оны өз материалдық әлеміңізде көргіңіз келетін шат-шадыманның «имиджін» жасауға пайдаланыңыз. Ақырында сіздің мұндай ішкі рахатыңыз күнделікті өміріңіздегі шаттықтың бейнесі болып шығады.

14.    Өзіңізді неғұрлым қанағаттандыратын тұжырымдамаларды таңдап алыңыз. Бұл ұсыныс сіздің табиғи артықшылықтарыңызды сақтауға көмектеседі. «Көп болса, жақсы болады» деген қағиданы, сеніміңізді «неғұрлым көп болсын» деген қағиданы қабылдамайтын, «барымен – базар», «барға – қанағат, жоққа – салауат» деген ішкі жан тыныштығымен алмастырыңыз.

15.    Табиғатқа бет бұрыңыз. Көп уақытыңызды орманда, тауда, тоғайда өткізіңіз немесе жағажайда жалаңаяқ қыдырыңыз. Табиғи сұлулықты бойыңызға сіңіруге уақыт бөліңіз. Өзіңіз жиған дүние-мүлік, қымбат заттар өзіңізді таныту үшін қажет деген сенімнен азат болыңыз.

16.    Кінә іздеуге ұмтылуды қойыңыз. Сіз өз өміріңізді өзіңіз жасаушысыз және сізде сүю қасиеті бар екенін ұмытпаңыз. Сіздің өзіңізге және жақсылыққа деген сеніміңіз кінәліні іздеу әдетін жеңеді.

17.    Рухани әлемнің «жақыныңды өзіңдей жақсы көр» деген ең маңызды нұсқауын ұстаныңыз. Мұны күн сайынғы нұсқау етіңіз.

18.    Кең көлемде ойланыңыз. Көзқарастары әртүрлі, әр тілде сөйлейтін, әр дінді насихаттайтын адамдардың бәрі біздің бір бөлшегіміз. Біз бүгін, қазір осы уақытта бірге өмір сүріп жүрміз, демек, бүгін біз біргеміз. Үлкен махаббат алдында ешкім артық емес.

19.    Болашақ жайлы ойламаңыз, өмірдің өз ағысымен ағуына мүмкіндік беріңіз. Оның орнына бүгінгі өмірден ләззат алуға өзіңізге өзіңіз уәде беріңіз. Нәтижесін ойлап мазасызданып тұрып, бастаған істі аяқтау қиын болады. Сіз сабырлы да ынтымақшыл болсаңыз, шабыттана аласыз әрі жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.

20.    Сіз өзгелерді оның қиындығына көмектесе алатын жалғыз сіз деген сезімнен арылуға үйретсеңіз, онда сіз тәртіп орнататын бірден-бір адамсыз. Сіздің «өз»-іңіз өзгелердің мәселесіне араласуға итермелейді, сонымен қатар, сіздің жоғарғы «мен»-іңіз тыныштық пен үндестік тілейді. Соңғысын таңдаңыз.

21.    Мына қағиданы мүмкін болған барлық жерге жазып қойыңыз: «Менің ортамда ештеңе нашар істелмейді!» Оған күн сайын қараңыз. Сіздің айналаңызда болып жатқан нәрсенің бәрі құдайдың тәртібіне сай болып іске ассын және ол өзгелерге сабақ болсын.

22. Өзіңізбен өзіңіз сөйлескенде өз ойларыңызға сенімді болыңыз. Қайталап мазалайтын кей ойлар сізді қуаныш пен толыққанды өмірді сезінуден тежейді.

23. Өзіңіздің «меніңізді» ауыздықтауға әрекет жасаңыз. «мен» есімдігін тұрақты қолданатын сәтіңізді байқап, өз деңгейіңізді одан аударуыңыз керек. «Мен»-ді неғұрлым сыртқа тепсеңіз, соғұрлым өз еркіндігіңізді сезінесіз.

24. Есте ұстаңыз: Сіз – сіздің еліңіз, нәсіліңіз немесе дініңіз емес. Сіз –мәңгілік рухсыз. Ешқандай атақсыз өзіңізді рухани жаратылыс ретінде тану – дүниені өзгерту мен бүкіл адамзат үшін қасиетті жер іздеудің жолы.

25. Егер сіз қандай да бір келеңсіз іспен әуестеніп кетсеңіз, одан арылудың неғұрлым тиімді жолы – өз «мен»-іңізбен тілдесіңіз, түйінді мәселені шешуді Құдайдың талқысына салыңыз. Жай ғана Жаратушының талқысына берсеңіз, бітті. Әлемнің Ұлы күші өз ішіңізде екенін біліп, мойынсұну керек.

26. Қорқыныш сезімі мен күнәдан арылуға дағдыланып, бойыңыздағы жағымсыз мінездерді сүю, кешіру, мейіріммен ауыстырыңыз. Өткен өміріңізде кінәлі екеніңізді сезінсеңіз, өз-өзіңізді кешіріңіз, кімнің алдында кінәлісіз – сол адамнан, тым болмаса, іштей кешірім сұраңыз, Жаратушыдан кешірім сұраңыз. Өмір бойы өзіңізді кінәлап, жазғырудан ада болыңыз, ол азап – өміріңізді тәртіпсіздікке, ретсіздікке айналдырады. Кінәні өзіңізді кешірумен алмастырып, келешекте мұндайды болдырмауға ант етіңіз.

27. Сіз тәніңіздің өлетінін мойындаңыз, бірақ жаныңыз мәңгі қалады. Біреудің өлетініне көніңіз, сөйтіп «ол өлмеуге тиіс еді» деп айтуды қойыңыз. Сонда сіз оған көнесіз де аза тұтасыз.

28. Күн сайын өзгелерге айыптамай қарауды үйреніңіз. Біреуді айыптайтын әрбір әрекетіңіз сізді бейбіт, тұрлаулы мақсатыңыздан алыстатады. Сіз айыптау арқылы ешкімді өзгерте алмайсыз. Әрі өзіңізді тек айыптауға әдеттендіріп аласыз…

29. Өзіңізге үнсіздік сыйлаңыз. Бірнеше минутқа болса да, күн сайын оқшау қалыңыз. Өз-өзіңізбен сөйлесіңіз, ішкі әңгімеңізді жақсы тілекпен аяқтап, оны тыныштық пен сабырлылық билеті деп біліңіз.

30. Әділеттілік пен мейірімділікті таңдау керек болса, екіншісін таңдаңыз. Мұндай мүмкіндіктің күн сайын кездесетінін ұмытпаңыз.

31. Біреуді жеңемін деп асыра сілтеушілік пен өтірік айтудан сақ болыңыз. Мұндай қасиет үлкендерге емес, тек балаға ғана тән. Бұл тек сағым тудырады.Бұған бой алдыру өз «мен» -іңізді танудан алшақтатады.

32. Есте ұстаңыз: өткен өміріңіз сізді теріс әрекеттерге үйреткен болуы мүмкін. Мұндай әрекеттер сізді тыныштық пен бақытқа әкелген жоқ. Олай болса, ондай әрекет, қылықтардан арылуға асығыңыз.

33. Біреуді кінәлаудан аулақ болыңыз. Айыптамаңыз. Егер сіз өзіңізден сырт келбеті, жасы немесе экономикалық жағдайы жағынан артықтау адам көрсеңіз, оны айыптаудың орнына өз ақылыңызды оны жақсы көруге жұмсаңыз.

34. Сөздік қорыңызды өзгертіңіз: «мүмкін», «сәтін салса», «солай сияқты», «ешкім білмейді» деген тәрізді күмәнді сөздердің орнына, «сөзсіз», «менің қолымнан келеді» деген секілді сенімді сөздер мен ұғымдарды қолдану керек. Күдік-күмәнға орын бермейтін осындай сөздерді қолдану арқылы да сіз өз өміріңізді басқарасыз.

35. Егер өмірде сүйікті адамыңыз болса, қанша қорықсаңыз да, өз сезіміңізді оған айтуыңыз керек. Қорқынышты жеңе отырып, өзіңіздің шынайы сезіміңізді көрсетіңіз. Алайда, екінші тараптан да дәл сондай сезімді талап етуден аулақ болыңыз.

36. Өткен өміріңізге өкінбеңіз. Одан сіздің өткен өміріңіз де, бүгініңіз де, ертеңіңіз де жақсы бола алмайды. Сондықтан бұл ойдан аулақ болыңыз. Өкінудің орнына, шүкіршілікке, өткен күндеріңізді «сүюге» тырысыңыз әрі сіздің әрекеттеріңіз сол сүйіспеншілік жемісі болсын.

37. Өз кемшіліктеріңізге  лайық екеніңізді көрсететін өз дәлелдемелеріңізді ысырып тастаңыз.  «Қайдам… білмеймін…» немесе «қолымнан келмейді» деген күмәнді ойларды лақтырып тастаңыз да, өзіңізді сол сәтте, сол істе таныңыз.

38. Бір сәтіңізді ең жақсы көретін адамдарыңызға «сүйемін» деген сөзді айтуға арнаңыз. Бұл тәжірибенің жағымды жағы бар. Бұл арқылы сіз айта алмайтын жасырын сырыңызды айтуға үйренесіз.

39. Өзіңізді өзіңіз тәрбиелеуден бастап, қабілеттілікке жетуге дейінгі өзіңіздің мансапшылдық мақсатыңызды өзгертіңіз. Дарыныңыз бен ерекше қызығушылығыңызды өз қабілетіңізге сай іс-әрекеттерге жұмсаңыз. Соның нәтижесінде сіздің жұмысыңыз қанағаттанарлық жағына ауысады. Сонда сіз «мақсатқа» сай ұмтылып бара жатқаныңызды сезінесіз.

40. Алғаннан береріңіз көп болсын. Жасырын сыйлықтар, салымдар жіберіп тұрыңыз. Артыңызда тұрған машинаның айып ақшасын төлей салыңыз. Сонда сіздің сезінген рахатыңыз өзіңізге сый болады.

41. Сабырлы болыңыз. «Сабыр» деген сөзді іштей жиі қайталаңыз. Бұл сөз сіздің бұған дейінгі барлық талпыныстарыңыздан басым түсіп, бүгінгі тұрмыстың барлық рахатын сезінуге көмектесетінін біліңіз. Сабырлы да тілалғыш болсаңыз, күнделікті ұмтылыстарыңыз бен әрнәрсенің соңынан жүгіруіңіз бекершілік екенін түсінесіз.

42. Шулы дау-дамай, ұрыс-жанжалда, балаларыңызбен қақтығыс арасында тоқтаңыз да, ойланыңыз. Сосын екінші адамнан: «Менің міндетім қандай және саған бұл жағдайда қалай көмектесе аламын?» деп сұраңыз…

43. Өмір деген құдірет алдында уақыт бөліп ойланыңыз. Өз істеріңіздің дұрыс-бұрыстығына ар алдында есеп беріп үйреніңіз. Әрқашан жақсы болуға ұмтылыңыз. Бәріміз де жақсымыз, мәдениеттіміз, бірақ кейде абыржып қаламыз.

44. Өз «мен»-іңізді шын мәнінде шектегіңіз келсе, біреудің кеңесіне, дәлелді пікіріне құлақ асыңыз. Сонда адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсарады.

45. Адамның жасаған зұлымдықтарын емес, қайырымды істерін байқай біліңіз. Өзгелердің мейірімділігін көріп, бағалай біліңіз.

46. Күнделік жүргізіңіз. Онда өзге адамдарға қандай ренішіңіз бар, соны жазыңыз. Егер сіз объективті болсаңыз, барлық  реніщтеріңіз орынсыз екенін түсінесіз. Өкпе-реніш те, сый-құрмет те – өз ойыңыздың нәтежиесі.

47. Өзіңізден көбірек, өзгелерден азырақ талап етіңіз. «Менен не көмек? Мен сіз үшін не істей аламын?» деп сұраңыз. Өзгелерге көмек беріп, қол ұшын созу сіз үшін мәртебе болғанда, сізге де өзгелер сондай қарым-қатынас жасайды.

48. Біреудің сырт келбетін сынау әдетіңізде болса, ойланып, көзқарасыңызды өзгертіңіз. «Бұл адам құдайдың жаратқан пендесі» деп қараңыз.

49. Жаман әдеттеріңізді баспалдақпен бірте-бірте төмен тастағандай  ойда болыңыз. Сол сәттегі ойларыңызды реттеп, іріктеп отырсаңыз, «улыдан» тазаға өтуге қабілетті боласыз.

50. Бір адам үшін құрбан бола білу – өзге барлық адам үшін құрбандыққа бара алу деген сезімді дамытыңыз. Өмірдің мәні – сіз арқылы да, өзгелер арқылы арта түседі. Бұл сезім адамзатты біртұтас етіп біріктіретін жасампаз күшке ие болуға әсерін тигізеді.

51. Ойша өз өміріңізде жеткіңіз келетін барлық нәрсенің анық суретін жасаңыз: жұмыс істеу мүмкіндігі, адал махаббат, жағымсыз әрекеттен арылу немесе тағы басқа. Бүкіл ішкі діңгегіңізді, күш-жігеріңізді сол суретке жетуге жұмылдырыңыз да, оған сүйіспеншілік дарытыңыз. Нәтижесі сіздің жұмсалған күшіңізге сай болады.

52. Өз ойларыңызды сезініңіз. Ойлаудың ең қарапайым тәсілінің өзі сіздің өн бойыңызда көзге көрінбейтін күш бар екендігін көрсететінін ұмытпаңыз.

53. Құдаймен жиі сөйлесіңіз. Әңгіме барысында ерекше бірдеңе сұрағаннан гөрі, бар ниетіңізді, ішкі күш-жігеріңізді сол шешімді іздеуге жұмсауға бағыттаңыз.

54. Ішкі сезіміңізді дамытыңыз. Бұл кітапта мен сипаттаған сенім дінге немесе қасиетті кітапқа мұқтаж емес. Ол сіздің құдайды тікелей және іштей сезінуіңізден туындайды.

55. Әлемдегі қорқыныш пен қайғы-қасіреттер жайындағы қайталана беретін ішкі әңгімеден (монологтан) азат болыңыз. Жандүниеңізді не болса да, тіптен сізге ұқсасын-ұқсамасын, табиғи құбылыстар екенін ұмытпаңыз. Мұнда сіздің пікіріңіздің ешқандай рөлі жоқ, себебі дүниедегі құбылыстың бәрі құдайдың еркімен жүреді.

56. Жеке өмір тарихыңызды өткен кезеңдегі сападан бөліп алу мүмкіндігін қарастырыңыз да, жай ғана қазіргі кезеңмен қалыңыз. Сонда сіз жаңа еркіндік аласыз.

57. Пайымдаушылық, тыныштық үшін өзіңізге үзіліс жасаңыз. Бұл – ештеңе істемеу деген сөз. Қандай сәтте де өз тәніңізді, бүкіл дене күшіңізді бағалаңыз. Өзіңіз түйсінген шаттықтың ішкі толқындарын сезініңіз.

58. Сіз тән мен жаннан емес, ең бірінші жан мен тәннен тұратыныңызды біліңіз. Сіздің жаныңыз материалдық дүниені бақылағандай тәсілдермен анықтала бермейтінін ұмытпаңыз.

59. Жүзеге аспаған қарым-қатынас сізді өзгелердің алдында жолы болмайтын етіп көрсетеді деген ойдан аулақ болыңыз. Бұл – қиналып, уайымға салынатын мәселе емес. Сіздің өміріңізге келіп, не кетіп жатқан әрбір адам сіздің болашақта адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білуіңізге сабақ болады.

60.    Сіз өзіңізді белгілі бір мақсатқа бағытталған жаратылушымын деп біліңіз. Әркез сабырлы болыңыз және дәріптеу мен жұбатуға мәжбүр болмаңыз. Өйткені қандай жағдай болса да – сіз өзгелерден ерекшесіз. Біз бәріміз бір құдайдың жаратқан пендесіміз. Сүйіктілер жоқ, қуғындаушылар жоқ. Құдайдың алдында бәрі бірдей.

61.    Махаббатты өміріміздің негізгі мақсаты етіңіз. Махаббат болғанда оған өзгелер қалай қарайды деп күтпеңіз. Сіздің өзіндік «мен»-іңіз сізді өзгелерге қызмет етуге шақырсын.

62.    Өз өміріңізді қарапайымдандырыңыз. Солай етсеңіз, сіз соңынан жүгірген заттар, ақшаны қоса алғанда, көп күш жұмсамай-ақ келіп жатады. Бұл өмірдің көп тәлкегінің бірі. Аздың өзін көптей көріп, қанағат ете біліңіз.

63.    Өміріңізде болып жатқан оқиғаларға байланысты бар жауапкершілікті өз мойныңызға алыңыз. Сөйтіп өз өміріңізді ерен қабілетіңіз арқылы бақылауға аласыз. Біреуді айыптаудан құтылып, осы жолмен жүрсеңіз, әрқашан іздген нәрсеңізді  табасыз.

64.    Өз сезіміңізге сеніңіз. Сіз өз шындығыңызды  анықтай аласыз және ол анықтамаңыз ішкі даналығыңызға негізделген деп дәлелдеңіз.

65.    Өміріңіздегі жеңіл-желпі істерге көп көңіл бөлуді қойыңыз. Өмірге лайықталуға үйреніңіз және сананың жоғары деңгейін сезініңіз. Сізге өзіңіздің сондай бөлігіңізбен танысу қажет және өз табиғатыңыздың күшіне сену керек.

66.    Сізге басқа біреуді сендіру керек. Табысқа жету жолында «қажетті артықшылықтарға иемін» деген жалған ойды тастау керек. Табыс сыртқы факторлармен өлшенбейді – ол іштен шығады.

67. Өзге адам жөніндегі әрбір негізсіз ой – сіздің өзіңіз жайлы да солай ойлайтыныңыз деп біліңіз. Теріс, негізсіз ойларды  дәлелді ойлармен ауыстырыңыз, өзіңізді және өзгелерді құрметтеуіңіз бен бағалауыңыз артады.

68. Сізге кездескен кез-келген қабілетті адам сіз үшін құнды екеніне өзіңізді сендіріңіз. Біз сынайтын адамның өзі бізді көп нәрсеге үйретеді.

69. Мынаны біліңіз: сіз өте жақсы істемеуіңіз керек. Сіздің «өте жақсыңыз» оны одан әрі жақсартуға орын қалдырмайды. Сіз одан да оны жай ғана жақсы істеңіз де, істеген ісіңізден ләззат алыңыз. Жай ғана ізденіңіз.

70. Мына тұжырымдарға зер салыңыз: Сіздің сеніміңіз сізді шектемейді, ал білім сізді күшті етеді. Сенім – сізге анаңыздан берілген жетекші жолдау. Білім – сіздің тірлігіңіздің ұясына жасырылған, сондықтан ол сіздің ғана меншігіңіз, байлығыңыз болып қалады.

71. Сенімсіздіктен туған қорқынышты жойыңыз. Оның сізге қажеті жоқ. Сіз құдайдың тамаша жаратылысысыз. Рухани миссия (тапсырма, іс) атқаруға жіберілгеніңізді білсеңіз, сіз өзгелердің пікіріне тәуелсіз боласыз. Өз мақсатыңызды, жеке көзқарасыңызды ұстаныңыз.

72. Өзіңізді қоршаған сұлулықты бағалаңыз, ұшқан құсты, бүршік жарған ағашты, ана мен баланы, қол ұстасқан қарт жұбайларды, адал да еңбекқор әріптестерді т.б. Оларға деген сүйіспеншілігіңіз өзіңізге қайта айналып келетінін сезінесіз. Қоршаған ортаның сүйіспеншілігіне неғұрлым көп бөленсеңіз, соғұрлым жігерлене түсесіз.

73. Сіз құдайды білетініңізге, құдайға сенетініңізге күдіктенесіз бе? Сіз өмір сүріп тұрғанда ішіңізде құдайдың өмірлік күші барына күмәніңіз болмасын. Өйткені сіздің өміріңіздің өзі сіздің ішіңізде жоғары сананың өмір сүретіндігін көрсетеді.

74. «Менікі әркез жөн» деген түсініктен арылыңыз. Әрбір адамның қателесетінін ұмытпаңыз. Өз қатеңізді мойындай біліңіз.

75. Бірдеңеге берекеңіз кетсе, дауыстап: «Мені мазалаған нәрседен мен жоғарымын!» деңіз. Осы қарапайым сөйлем сіздің ол мәселелерден жоғары екеніңізге көз жеткізеді әрі күнделікті ұсақ-түйек мәселелерден шаршамауға мүмкіндік береді.

76. Сіз өзіңізді сүю үшін және сүйікті болу үшін жаралғаныңызды ұмытпаңыз. Сіз өз ойларыңызды осыған бағындырсаңыз, өміріңіз соғұрлым жеңіл болады.

77. Өзіңізді «зейін орталығы» етіп алғаннан гөрі, өзгелерді тыңдаңыз. Келіссөз барысында бар зейініңізді өзге адамның не деп жатқанына, не сезінетініне аударыңыз. Содан соң «Мен» емес, «Сіз» деп басталатын сөйлеммен жауап беріңіз.

78. Күн сайын өзіңізге өзіңіз қызмет етуіңіз – сізді жаратқан құдайға қызмет ету, адамзатқа қызмет ету екенін және сол арқылы сіздің рухани ізденісіңіздің жүзеге асатынын ескеріңіз. Өзгелерге өзіңіздің құдайшыл екеніңізді айтып, сендірудің қажеті жоқ. Өз жандүниеңізде қуаныш сезіміңіздің артуы мен шаттыққа бөленуі жеткілікті.

79. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз. Олай етсеңіз, онда құдайдың сүйіктілері болады деген ойға сатылғаныңыз және біреуден алда немесе жоғары болсаңыз, өзгеден артықпын деп білгеніңіз.

80. Сізді ренжітетін нәрсенің бәрін тексеріңіз және өзіңізге басқа қырыңыздан қараңыз. Ренжісеңіз, «бұл сұмдық қой, құдай бұған қалай жол берді?» деп ойлаңыз. Өзіңізді ауыр ойлардан, ренішті күйден азат етіңіз. Ол үшін күш пен күрестің қажеті жоқ. Өкпе-реніш пен кек сақтаудан аулақ болыңыз, ондай «негативтер» тек өзіңізге ғана зиян.

81. Өзіңізді өзіңіз мақтауға бейім болсаңыз, ондай мінезден арылыңыз. Қызығу объектісі болғаннан гөрі өзіңіздің қызығушылығыңызды көрсетіңіз. өзгелердің жетілуі мен қызмет қамын ойлайтындардың тыңдаушысы болыңыз, сонда сіз өмірлік жолыңыздан жаңылмайсыз.

82. Кеңпейілділік танытыңыз. Өз жеке меншігі мен аз ақшасын беретін адамдар – асып-тасыған бай болғандықтан немесе беруге міндетті болғандықтан емес, өзгеге шын жүрегімен қызмет ету үшін және алмасу үшін береді. Біз біреулердің игілігі үшін және өзіміздің жоғарғы «МЕН»-іміз үшін бәрін бере аламыз.

83. Махаббаттың қауіпті екенін біліңіз. Махаббат ештеңе сұрамайды және ештеңе талап етпейді. Ол жауап беруге шақырады.

84. Өзіңізден кіші, жас немесе білімі төмен адамға өз шартыңызды қоюдан (мәжбүр етуден) аулақ болыңыз. Біз рухани дамудың әртүрлі сатысындамыз, ешкім артық немесе кем емес. Біз тек әртүрліміз.

85. Жеке басыңызда қандайда бір мәселе болған жағдайда жоғарғы «МЕН»-іңізге өзіңізді басқаруға рұқсат беріңіз. Ақырын былай деп айтыңыз: «Өтінемін, мен үшін шешім қабылда. Мен өзімді сенің қолыңа бердім». Бұл Мильтонға ұқсас сияқты көрінер, дегенмен бұл өз өмірімдегі көптеген проблемалық жағдайлардан шығудың жолы болды.

86. Есіңізде болсын: Құдай сізді мәңгілік әрі өзгермейтін махаббаттан жаратты. Сіздің тәніңіз ақылыңыз секілді өзгереді, сондықтан сіз тән де, ақыл да емессіз. Сіз таза махаббатқа толы рухтан жаралдыңыз. Өз зейініңізді осыған аударыңыз.

87. Өзіңізді ішімдік, нашақорлық, қант, кофеин, құмар ойындары секілді құмарлықтан азат етіңіз. Ондай құмарлықтарды абстрактілі мақұлдау, ынтығу, нәпсілікке бой алдыру секілді қауіптерден сақтаныңыз. Мұның бәріне сіздің ерік-жігеріңіз де, өзіндік «МЕН»-іңіздің күші де жетеді. Өз ішіңізде құдай бар екенін білсеңіз, сіз қоршаған әлемге құмар болмайсыз.

88. Сыншыл ойларыңыздың жүйесін сақтауға тырысыңыз. Сынауды әдетке айналдырғаныңызды сезінсеңіз өзіңіз сыншылдықпен ақылдасу қажеттілігін түсінесіз.

89. Жақындарыңыз бен достарыңыздың арасында проблема туғызудың орнына өзіңізді бейбіт мақсатқа өзгертуге тырысыңыз. Сіздің тоқтап, дүниенің бүкіл дәмін сезінуіңізге бірнеше секунд жеткілікті.

90. Өткенді қарғағанша, оған бата беріңіз де, өзіңізді кешіріңіз. Өткен өмірде болған тәжірибенің бәрі Тәңірі жасаған нәрсенің бір бөлшегі екенін түсінсеңіз, бәрін  де кешіресіз.

91. Құдайды сынауға тырыспаңыз. Ашық күндер, тыныш теңіз, төзім мен гүлдену секілді, дауылдар, қылмыскерлік пен кедейлік те Құдай ісінің бір бөлігі. Сіздің жағдайды өзгерту ниетіңіз де сол жоспардың бір бөлімі. Сондықтан айыптағаннан гөрі соған зейін аударыңыз.

92. Өз ойларыңызға қайта айналып, сыртынан да, ішінен де қайта қарай отырып, оны сезіну қабілетіңізді дамытыңыз. Ойдың жемісін бақылаңыз.

93. біреуді кемшіліктері үшін ұялтқыңыз келсе, тоқтаңыз да, Жаратушының берген сабағы үшін алғыс айтыңыз. Сабағы сол – бұл сезімді бастан кешіп отырған жалғыз сіз екендігіңізді түсіну.

94. Құдайға шын сеніммен қарасаңыз, сіздің өмірде істеген нәрсенің бәрі де алдыңызға келетіні мүмкін екенін ұмытпаңыз. Сонда сіз бағалы ұстазыңыздың пайда болып, дұрыс бағытта алып жүретінін байқайсыз.

95. махаббат – қорқыныш пен күдіктің ең жақсы емі. Сондықтан қорқыныш пен күдікті сезінген жағдайда махаббатқа жол беріңіз де өзіңіздің қасиетті жаратылыс иесі екеніңізді өз есіңізге салыңыз.

96. мақсат еркіндік әкелметінін біліңіз. Ол тек көптеген жолдастарды жинауды талап етеді де, сізді одан әрі қинайды. Бұл жалған идея еркіндікті қаржы жинақтаудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана аламыз деп уәде береді.

97. Өзіңізді қате түсініктен азат етіңіз. Қате ойлау ақылмен қабылдауыңызға байланысты. Оған қарсы жүрудің бірден бір жолы – жеке «эго»-ны тоқтатып, жоғарғы «МЕН»-ге құлақ түру. Сонда Құдайдың алдында жер бетіндегі ешкімнің қожайын немесе ерекше емес екендігін түсінесіз, сол секілді ешкім де Құдай алдында бейшара емес.

98. Күрес пен талас секілді ештеңе сіздің ішкі сезіміңізді ретсіздікке тез әкелмейтінін сезініңіз. Сіз қашанда таңдауға еріктісіз – таласу керек пе, жоқ па, соғыс ашамыз ба, жоқ па? Ынтымақтастықты таңдаңыз.

99. айнаға қарап қатты дауыстап: «Мен сені сүйемін. Мен сені бағалаймын және мен көріп тұрған нәрседен өзге ештеңе сен үшін маңызды емес деп білемін» деп айтыңыз. Сонда сіз денеден жоғары тұрасыз және өзіңіздің құндылығыңызды сақтау үшін көптеген ойларыңызды шығарасыз.

100. Өткенде болғанға мән бермеу арқылы шыдамдылық пен махаббатты көрсетіңіз. Біреудің қатесін өткеннен мысал келтіре көрсете отырып, айыптауға бейімделуден қашыңыз, жеңіс ниетіне еркіндік беріп, қарым-қатынас жасау ниетін дамытыңыз.

101. Сіз – сіздің атыңыз емес, сіздің қабілетіңіз емес немесе сіздің әлеуметтік кодыңыз емес. Сіз мәңгі жарық пен Құдайсыз. Ол сіздің не істегеніңізге немесе істемегеніңізге, қандай отбасында өскеніңізге байланыссыз. Құдайды ойлауда сіз қасиетісіз және жер бетінде өз орныңыз бар.

Орыс тілінен аударған Сәуле Әбединова

Дерек  көзі: akjunis.kz 

Ұқсас сілтемелер