Басып шығару нұсқасы
28.11.2018, 13:11

Кағбаны неліктен сағат тіліне қарсы бағытта айналамыз?

Қағбаны айналу, тәуап ету – мұсылмандардың үлкен, кіші қажылық кездерінде орындайтын рәсімдерінің бірі. Ең қызығы, мүміндер Қағбаны сағат тіліне кері бағытта айналады. “Неліктен?” 

 Бұл сұраққа ғылым былай деп жауап береді:

1. Күн жүйесіндегі өзге планеталар да күнді сағат тіліне кері бағытта айналады.

2. Жер де өз осінде керісінше айналым жасайды.

3. Атом электрондары ядроны сағат жүрісіне қарсы бағытта айналады.

4. Адам денесіндегі қан сағат тіліне кері бағытта айналым жасайды.

5. Ай өз осінде сағат тіліне қарсы айналады.

6. Жер Күнді сағат тіліне қарсы бағытта айналады.

7. Ғарыштағы барлық галактикалар сағат тіліне қарсы бағытта жөңкіледі.

 Яғни біз де сағат тіліне қарсы бағытта Қағбаны айнала жүріп, бүкіләлемдік жүйеге ілесеміз. Және Алла тағала жаратқан дүниедегі бүкіл зат, кішкентайынан үлкеніне дейін, осылай Жаратушысына мақтау-мадақ айтып тұрады. Қағбаға тәуап жасау арқылы біз сонау Адам пайғамбардан (ғ.а.) Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) дейінгі бүкіл пайғамбарлардың табаны тиген жерді басамыз.

Мекке Мекке болғалы, Қағбаны айналға, оған тәуап жасаған адамдар саны толастаған емес. Және бұл үрдіс ақырет келмейінше тоқтамайды да.

Аударған Хадиша Ермекқызы

© baq.kz