Басып шығару нұсқасы
19.11.2019, 15:35

Жолға қатысты түс жорулардың бір парасы

Білгенге маржан! Қазақ халқының жолға қатысты түс жоруларының бір парасын назарларыңызға ұсынамыз:

Автокөлік. Түсінде автокөлік мініп бара жатса – жағымды жаңалық. Үлкен істегі азырақ үзіліс.

 

Ақ бұлттардың көшуі – жолға шығу.

 

Ақ киім көрсең – жол жүресің.

 

Кімде-кім бір аяғының ұзарғанын көрсе – сапарға шығады.

 

Баланың   машинасы: түсінде баланың машинасын көру – сапарға шығудың белгісі. Баланың машинасын алып үйіне әкелгенін көру – сапарға шығу үшін дайындалып жүргенін, баланың машинасының бос болғанын көру – үйленген болса, балалы болатынын, бойдақ болса, үйленетінін білдіреді.

 

Бір кісі сафар, жол көрсе – сафарменен жорылар.

 

Біреу өзін жылан қуып жүргенін көрсе – өңінде бір пайдаға жолығады.

 

Даңғыл:   түсінде   үлкен  даңғылда   жүргенін   көрсе – материалдық және рухани қиыншылықтардан қиындықсыз   өтетінін   және   өмір   жолында   сенімділікпен жүретінін   білдіреді.   Даңғылда   емін-еркін   жүргенін   көрсе – ешқандай   қиындық   болмайтынын,   ал   әрең   жүріп келе жатқанын көрсе – кейбір қиыншылықтар кездесетінін   білдіреді.   Екі   шетінде   ағашы   бар   даңғылдың бойында жүрсе – ғалым немесе беделді адамнан   жәрдем   алатынын   білдіреді.   Даңғылдың   бойына   ағаш   отырғызғанын   көрсе –адамдарға   жәрдемін тигізетін перзенті болатынын білдіреді. Таза әрі реттелген даңғыл – мемлекеттегі істердің жақсы болатынына жорылады. Даңғылдан шығу – қиыншылықтан құтылатынына, тірлігінің алға басатынының белгісі.

 

 

Егер автокөліктен қашып жүрсеңіз – сіздің жолыңызда көре алмаушылық бар екенін хабарлайды.

 

Егер бір белгісіз түйеге мінер көрсе – сапар қылар.

 

Егерде бүкір жігіт сізге жол сілтеп тұрса – қуаныш, өз кәсібіңіз алға жылжиды.

 

Егер бір тірі битті тұтып лақтырып тастаса – ұстаған жолына қарсы бір іс қылғаны.

 

Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса – онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер қасқыр көретін болса – онда өңінде оның сапары сәтті болады.

 

Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе – мұратына жетер.

 

Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса—онда оның өңінде барша тілектері қабыл болып мұратына жетеді.

 

Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе – онда ол мұратына жетеді.

 

Жер асты жолы: түсінде бұл түсті көру – білместен, қаламастан жаман іс істейтіндігін білдіреді. Жер асты жолымен   жүріп,   ол   жерден таза   су   табу – жақсылықтың белгісі. Ол жерде таза емес, лай суды көру –жаманшылық пен қиыншылықтың белгісі.

 

Жер шарының картасы: түсінде карта көру – сапарға шығудың белгісі. Түсінде картаға зер салып қарау – ұзақ сапарға шығуын білдіреді.

 

Жол: жолдың шетінде жүргенін көрген адамның дініне салғырт қарайтындығын білдіреді. Түсінде жол үстінде тура жүргенін көрген адамның саудада жолы болады. Жолынан адасып кеткен адам – сауапты іс пен дінінен айрылады. Егер қайта тауып алса – тура жолды табады. Жолда қалай қарай жүрерін білмей басы қатса – нәпсісін   тәрбиелей   алмай   жүрген   адамды   білдіреді.  

Қараңғы жолдан жүрген адам – тура жолдан ұзақтайды.

Қараңғы жерден жарыққа шыққан адам – тура жолға түседі.

Жол – діннің белгісі. Жолдың жағдайына қарай дінін де білуге болады.

 

 

Жолмен келе жатсаң – сырқат, жайсыз хабар.

 

Жолмен түзу жүріп бара жатса – хақ жолда екендігі.

 

Көпір – күдікті және осы дүние, байлық, ұзақ өмір немесе ауру, сөзінде тұру, тура жол, һидаят намаз, ораза.

 

Көшу: түсінде көшкенін көру – маңызды өзгеріс болып, аз уақыт қиындық көрген соң көңіліңіз жай табады.

 

Қисық жол көрсең – табыс

 

Пойыз – жақын жерге сапарға шығып, табыс табу.

 

Жинаған мәдениеттанушы-лингвист

А.Қалназаров

 

Ұқсас сілтемелер