Басып шығару нұсқасы
01.01.2018, 12:44

Ит жылы дүниеге келген атақты тұлғалар кімдер?

Әр жылы туғандардың өзіне тән мінезі мен бейімділіктері болатынын адамдар ежелгі замандарда-ақ байқаған. Сондықтан да әр жыл иесіне белгілі бір сипаттар мен қасиеттерді теліп, сол жылдың төлдерінен де сондай болмысты кұткен. Ал енді жаңа жылдың эстафетасын қабылдап отырған ит жылы туылған жандардың арасында табысқа жетіп, атақты болғандар қаншама? Бұл туралы silteme.kz АА хабарлайды.

Rgmedia.kz порталының жазуынша, ит жылы әлемге әйгілі тұлғалар:  Майкл Джексон, Софи Лорен, Бриджит Бардо, Жака-Ива Кусто, Стивен Кинг, Уинстон Черчилль, Лайза Минелли, Сильвестр Сталон, Ги де Мопассан, Виктор Гюго, Александра Дюм, Эрнест Хемингуэй, Сократ, Юрий Гагарин дүниеге келген.

Сондай-ақ, портал бетінде қазақтан шыққан атақты тұлғалар да назардан тыс қалмаған. 

"Қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Кеңес одағының Батырлары Талғат Бигелдинов, Тоғанбай Қауынбаев, күміс көмей әншілер Роза Бағланова, Нұржамал Үсенбаева,  ақын-жазушылар Сафуан Шаймерденов, Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Оспанхан Әубәкіров, Қалаубек Тұрсынқұлов, Ерсін Қойбағарұлы, Қасымхан Бегманов, Ғалым Жайлыбай, танымал мәдениеттанушы Әуезхан Қодар, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев, экс-мәжілісмендер Уәлихан Бишімбаев, Шалатай Мырзахметов, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, экс-премьер Серік Ахметов, экс-министрлер Серік Баймағанбетов, Нұрлан Қапбаров, вице-премьер Ерболат Досаев, сенатор Әлімжан Құртаев ит жылы туған" делінген онда.

Тағы бір айта кетерлік жайт, кейінгі толқыннан, қазақтың атын әлемге танытқан спортшылар Мәулен Мамыров пен Генадий Головкин, ерекше дауыстағы әнші Димаш Құдайбергенов те ит жылы дүниеге келген екен.

Ұқсас сілтемелер