Басып шығару нұсқасы
14.12.2017, 10:25

2018 жылы теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде қаңтардан бастап теміржол билеттері қымбаттайды, деп хабарлайды КТК.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының хабарлауынша, тасымалдаушы облысаралық әлеуметтік бағыттардың тарифін 7 пайызға көтермек.

Қымбаттаудың тек мемлекет есебінен субсидияланатын ел ішіндегі 11 бағыт пен «Тұлпар Тальго» жүрдек пойыздарына қатысы жоқ. Олардың билет құны халықтың сұранысына қарай құбылмалы. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар да кейбір бағыттар бойынша билет бағасы 3-4 пайызға қымбаттатпақ.

Ұқсас сілтемелер