Басып шығару нұсқасы
03.12.2021, 15:36

Адам Ата ең алғаш Хауа ананың бейнесін қайдан көрген?

Адам Ата ең алғаш Хауа ананың бейнесін қайдан көрген? Яғни, Хауа ана жаралмай тұрып оның дидарын көре алған ба? Ескі кітаптар желісіне қарағанда, Адам Ата асылы анамызды көңіліне тұтып, жаралмай тұрып көрген деседі. Қалай? Қайда? Silteme.kz бұл сауалға жауап іздеп көреді.

Олай болса, «Бабалар сөзінің» 94 томына назар аударайық. Қысқа да болса нұсқа әфсана. 

Бірде Жаратқан Ие Адамнан сұрапты: «Сен менің жаратқандарымды көрдің, соның ішінде өзіңе ұқсағанды көрдің бе?» депті. Сонда Адам: «Иә, Құдай, көрмедім. Маған ұқсайтын, менімен бірге тұратын, Сені ғана мойындап, мен сияқты Саған ғана бас иетін жұбымды жаратшы» депті.

Алла тағала Адамды ұйықтатып, сол уақытта Хауа ананы жаратып, оның бас жағына отырғызып қойыпты. Адам ата оянғанда, Алла тағала одан бас жағында отырғанның кім екенін сұрапты. Адам ата: «Иә, Құдай, бұл Сен түсімде көрсеткен елес қой» деген екен. Бұл адамзаттың көрген алғашқы түсі екен. Түс көру осыдан басталған көрінеді. Былайша айтқанда, адам баласының түсіне ең алғаш Хауа ана енген-дүр.

Ұқсас сілтемелер