Басып шығару нұсқасы
13.12.2021, 15:36

Алтын өндірісі қашан басталған?

Бағалы металдың тарихы тым тереңде жатыр. Адамзат алтын өндіруді біздің дәуі­рімізге дейінгі V ғасыр­да, яғни неолит дәуірінде бастаған.


Адамның алтынмен та­ныс­­тығына кем дегенде 6500 жылдай болды. Қа­зіргі Болгарияның Варна қала­сы­ның маңында қазба жұмыс­та­рын жүргізген мамандар біздің дәуірімізге дейінгі 4600 жылдары әзірленген алтын бұйымдарды кездес­тірген.

Б.д.д. ІV ғасырда Мысыр жерінен сары алтыннан жасалған тас пышақ, алтын алқа табылған. Сонымен қатар Месопатамияның ежелгі қаласы Урдағы қазба жұмыстары кезінде б.д.д. 3500 жылға жататын қол-аяғында алтын білезігі бар адам қаңқасы табылған.

Ежелгі римдіктер Испания жеріндегі алтын қазу барысында 1500 тонна алтын алған. Қазір сол алтын қалдықтар Еуропаның өзендеріне толығымен жайылған. XVIII-XIX ғасырларда АҚШ, Бразилия, Австралия және тағы басқа елдерде өте бағалы саналатын алтын қалдықтары табылды.

 

Дерек көзі: "Ана тілі "газеті

Ұқсас сілтемелер