Басып шығару нұсқасы
09.01.2019, 10:39

Календарь қалай пайда болған?

Адамзат жаралған кезден бастап күнпарақ («календарь») қажеттігі туа бастаған. Алайда жазу-сызуы жоқ, жартылай тағы күйде өмір сүрген адамдар күнпарақ жасай алмағаны белгілі.

Дегенмен, күнделікті тірлік оларды табиғат сырына үңілуге мәжбүр етті. Бірте-бірте табиғаттың жаз, күз, к өктем, қыс секілді маусымдарға б өлінетінін, өздеріне қажетті өсімдік, шө п атаулыны қай уақытта жинап, қай уақытта аң аулау қолайлы екендігін айқын ажырата алатын дәрежеге жетті. Сол кездегі жаратылыс құбылыстарын уақыттарға б өлуді ғалымдар «халықтық табиғи күнпарақ» деп атады.

 

Дерек көзі: "Ана тілі " газеті

Ұқсас сілтемелер