Басып шығару нұсқасы
22.11.2016, 19:59

Футболшы басындағы допты түсірмей, 103 км жерді велосипедпен жүріп өтті

Нигерия футболшысы Харрисон Чинеду басына доп ұстап, велосипедпен 103 шақырым жүріп өтті. Спортшының сапарынан үзінді видео AFP агенттігінің Twitter-дегі парақшасына жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.

 

«Мен бұл рекордты орнаттым және оның маған тиесілі екеніне қуаныштымын. Бұл жетістігім Гиннес рекордтар кітабына тексеруге жөнелтілді. Нәтижесін күтеміз», - деді Чинеду.

2016 жылдың наурызында Чинеду басқа әлемдік рекорд орнатқан болатын. Ол басындағы доппен 48,04 шақырым жерді жаяу жүріп өтті.