Басып шығару нұсқасы
26.09.2016, 10:27

Қол жетімсіз банкомат

Шымкенттің «Сайрам» шағын ауданында ең «биік» банкомат орнатылды. Банкоматтың суреті инстаграмдағы shymkent.city парақшасында жарияланған.

Банкоматты орнатқандар орта бойлыларды мүлде ескермеген сыңайлы. Себебі банкоматтың биік орналасқаны соншалық, оған тек бойы ұзын адамдардың ғана қолы жетеді. Енді адамдар өзімен бірге саты ала барғаны дұрыс. Қисықты әжуалауға құмар әлеуметтік желі тұрғындары пікірлерін оқша жаудыруда.