Басып шығару нұсқасы
17.09.2016, 12:55

Қытайда "Малакас" дауылы қаупінің жасыл деңгейі белгіленді

Қытайда "Малакас" дауылынан сақтандыру үшін жасыл деңгей белгіленді. Бұл дауыл қатты нөсер жаңбыр мен жел тұрғызып, адамдарға зардап шектіруі мүмкін. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жергілікті уақытпен сағат 08.00 шамасында Тайванның шығыс жағалауынан 135 километр қашықтықта, секундына 50 метр жылдамдықпен келе жатқан сұрапыл дауылдың белгісі  анықталған. Сенбі және жексенбі күндері  Чжецзян және Фуцзян провинцияларында және Тайванның солтүстік аудандарында нөсер жаңбыр болады деп күтілуде.

Бұдан бұрын Фуцзянь провинциясында  "Меранти" тропикалық дауылы тұрып, 15 адам зардап шегіп, 14 адам жоғалған болатын.

 

Ұқсас сілтемелер