Басып шығару нұсқасы
08.09.2016, 16:04

Кенгурудан терроршы жасамақ болған

Шығу тегі Таяу Шығыс елінен, қазіргі уақытта Мельбрун қаласында тұратын Совдет Рамадан Бесим кенгуру арқылы теракті жасауды жоспарлағаны үшін 10 жылға сотталды. Бұл туралы e-islam.kz порталына сілтеме жасай отырып silteme.kz хабарлайды.

19 жастағы азамат жануардың табиғи қалтасына жарылғыш зат салып, ұлттық мереке кезінде теракті жасамақ болған. Лаңкес өз ойын іске асыру үшін алдын ала кенгуруды да таңдап қойған екен.

Айыптаушы тарап Бесимді 15 жыл бас бостандығынан айыруды талап етті. Себебі, Австралияның символы саналатын жануар арқылы жарылыс жасау – аса қатігездікпен жасалған үлкен қылмыс. Алайда, Рамадан Бесим өз кінәсін мойындағаны және тергеу жұмыстарына түсініктеме бергені үшін 10 жылға түрмеге кесілді.