Басып шығару нұсқасы
31.08.2016, 15:12

Америкалық блогер Coca-Cola-ның тіске зиянын эксперимент арқылы көрсетті

Газдалған тәтті сусынның тісті де ерітіп жіберетіні туралы мифтың қаншалықты шындыққа жанасатынын америкалық блогерлер тексеріп көрді, дейді sn.kz.

Олар Coca-Cola мен Mountain Dew сусындары құйылған екі шөлмекке адамның тістерін салып, үш апта бойы бақылаған. Зерттеу нәтижесі YouTube видеопорталында жарияланды.

Иә, адам тістері тәтті сусын ішінде тұрып еріп кетпесе де әртүрлі деңгейде айтарлықтай бүлінген. Эксперимент жүргізген блогердің айтуынша, Coca-Cola-ға салынған тіс қарайып, жиіркенішті кейіпке енген.

Екі күн ішінде аталған зерттеудің видеонұсқасын 200 мыңнан астам адам тамашалады.