Басып шығару нұсқасы
29.12.2021, 20:23

Нұр-Бесік шағын ауданы орталықтандырылған сумен және электрмен жабдықтау жүйесіне қосылды

Сарыарқа ауданында Нұр-Бесік шағын ауданында 206 тұрғын үй орналасқан. Соңғы екі жылда инженерлік желілер мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы Тұрғын үй алаптарын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады.

Кешенді жоспар аясында ауданды сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық және нөсер кәріздерін салу, электр жарығын, телефон желілерін қосу, сондай-ақ автомобиль жолдары мен аялдамаларды абаттандыру және салу қарастырылған.

Бүгінгі күні ауданды газдандыру бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, 67 үй табиғи газға қосылды, тағы 15 үй қосу сатысында. Сонымен қатар, 4 трансформаторлық қосалқы станцияның 2-еуі (ТҚС) орнатылды, олардың көмегімен халық тұрақты және үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда 79 үй стационарлық электр жарығына қосылған, 118 үй орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдаланады. Бұл сандар күн сайын өсіп келеді.

Айта кетейік, келесі жылы Нұр-Бесік шағын ауданында көшелерді абаттандыру, көгалдандыру және асфальттау жұмыстары жүргізіледі.

Ұқсас сілтемелер