Арман қала – Алматы!
16.07.2019ж.

Арман қала – Алматы!

 

Алматы-жастардың қаласы. Қазіргі таңда Қазақстан қалалары бойынша Алматының өзге қалалардан  мүмкіншіліктері артығырақ деп айтсақ болады. Себебі, бұнда барлық жағдай жасалған. Алатаудың биік шыңдары мен әсем де , көркем деген жерлері адамды өзіне баурамай қоймайды. Көк төбе мен медеудің өзіндік адамға берер әсері ерекшегой ,шіркін! Тіпті жастардың көпшілігінде Алматыны көру арманы да шығар. Алматыға арман қуып келгесін бос жүрмей, бір жаңалық ашындар, ойларыңдағы істі жүзеге асырындар деп ұстаздарымыз айтып еді. Сол сияқты осындай үлкен қалада жүргенней кейін тым құрығанда өз арманыңды орындамасан  ұятта шығар. Бұрын өзім Алматыға келуді ,  көруді қатты армандайтынмын. Неге екенін білмеймін. Ақыры ол мақсатқа да жеттік. Менің Алматыда тұрып жатқаныма да бір жыл болыпты. Осы бір жылдың ішінде біраз өзгерістер болды. Білетінімізден білмейтініміз көп қой. Сол нәрсеге көзім жетті. Алматыға келуге неге асыққанымды енді ұққандаймын. Күн сайын арманға деген мақсат алға жетелей түседі.  Адамның мүмкіндігінде шек жоқ қой ,шіркін! Көптеген идеялар тіпті бұл әлемді өзгертуге дейін алып келеді. Құдіреттілік пен  шексіздікте , өз идеясын жүзеге асыруы арқылы жайлы өмір сүруіне де жағдай жасап алады. Айта берсек таусылмас. Бір нәрсеге көзім жеткені егер сізде таудау талап пен арманыңыз болса, оны 101 пайызға толық орындауға мүмкіндік зор. Ең тастысы рухыңыз мықты , күш – жігеріңізге ерік бермесеңіз болғаны. Қорқынышты жеңіп, тәуекел етіңіз. Сол кезде ғана сіз белгілі бір нәтиже көрсете  аласыз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер