Мен кездестірген жандар
14.07.2019ж.

Мен кездестірген жандар

 

                                                                       Әлемнің бар ажарынан
                                                                     Бізге достық сымбаттылау,
                                                                    Мен жадырап жүрсін десең,
                                                                   Сен мықты бол қымбаттым-ау!
                                                                                                    Мұхтар Шаханов.

Бұл өмірде нағыз достық болатынына көзім жетті. Тіпті кейде «оларсыз қалай өмір сүруге болады екен ?» деп, ойлап кетсем болды  мұңға батып кетем. Бейне бір оларсыз маған өмірдің мәні болмайтын секілді. Достың да досы, нағыз адалы дерсің. Бұл бір маған берілген сый десем болар... Білмеймін. Бейнеті мен күйбелең тіршілігі бітпеген сол қала да маған демеу болған жандар. Мен даланың адамы болғаным қашан. Сол аралықты мен кездестірген керемет жандар шығар. Тіпті не деген адамдар, осындай жандарда болады екен-ау дедім. Еңбекқор, білімді, шыншыл, адал, қашан көрсең де көңілді. Мені бір қуантқаны өзгенің ісіне араласып, әңгіме айтпайтыны. Міне, осы қасиетімен олар дараланады. Олардың жанында өзімнің бар қиындығымды ұмытып, жайлы сезінемін. Негізі мұңды, тыныштықты жақсы көретін адаммын. Алайда олардың жанында бұл қасиеттің бірін қалдырмай  ұмыттырып жібереді. Студенттік күндерде өтіп жатқан сол бір бақытты күндер. Шіркін осы күндерім мәңгі жалғасса деп ойлаймын. Дегенмен әр нәрсенің орны бар, барлығы уақытымен. Ең бастысы олар жанымда. Кейде оларды жоғалтып алам ба депте қорқамын. Мен кездестірген жандар уақыт  өте достығымызды мәңгі етуіне, берік болуына себеп болар.

 

Ардақ Серік

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер