"Жайбасар" министр жағдайды реттей ала ма?
05.06.2018ж.

"Жайбасар" министр жағдайды реттей ала ма?

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер алдында баспасөз мәслихатын өткізген министр Елжан Біртанов «халыққа  дүрлігудің еш керегі жоқ»  деп мәлімдеді.

Соған қарағанда, министр осы күнге дейін жағдайдың шын мәнінде күрделі болып тұрғанын түсінбеген сияқты. Бүгін үкімет отырысында  премьер-министр Бақытжан Сағынтаев  та Біртановтың жұмысын сынға алды. Үкімет басшысы менингококк инфекциясының таралуына қатысты әлі де жедел шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Твиттеріндегі жазбасында министр Біртановтың жайбасарлығын сын тезіне алды. Сенат төрағасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың министрлігінің жұмысында жалтақтық бар екенін мәлімдеді.

–Менингит инфекциясымен күресу жұмыстары тиімсіз болып отыр. Салалық ведомсвто кешірілмес жайбасарлық, жалтақтық танытуда. Аталған мәселе бойынша Сенат депутаттары үкіметке сауал жолдайтын болады, – деп жазды Қ.Тоқаев.

…Ақиқатына келсек, бүгінгі күнге дейін 12 адам қайтпас сапарға аттанды. Төраға түйінді мәселенің барын растап отыр. Тоқаев айтқандай, Денсаулық сақтау министрлігінің әрекеті «неткен жайбасарлық еді?». Ал жайбасар министр жағдайды реттей ала ма?

Еркін ҚАЛДАН

Дереккөз: aikyn.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер