Басып шығару нұсқасы
19.04.2018, 15:29

«Гитлердің суасты қайығы» табылды

Дания жағалауындағы Скагеррак бұғазынан немістің U-3523 суасты қайығының қалдықтары табылды.

Зерттеушілердің пікірінше, суасты қайығын британдық бомбалаушылар батырған. Ол оқиға 1945 жылы 6 мамырда кеңес әскерлерінің Данияны нацистерден азат еткен соң орын алған.

58 экипаж мүшесі бар U-3523 суасты қайығы із-түссіз жоғалып кеткен. Олрадың ішінде нацистердің басшылығы және Адольф Гитлер болған. Алайда қайық аман қалып, бағытын Оңтүстік Америкаға бұрды деген қауесет те болды.

Гитлердің қайығы ⒸPen News

«Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында немістердің тапсырысымен салынған әлемдегі ең заманауи қайық. Ол өз заманынан озық тұрды. Немістер тапсырыс берген 118 қайықтың екеуі ғана пайдалануға берілген», - деді Ютландия теңіз флоты мұражайының директоры Герт Норман Андерсен.

Ал суасты қайығын оқу кемесі ретінде пайдаланған. Андерсеннің айтуынша, 5 мамырда соғыс біткен уақытта немістердің бірі сол қайықпен қашып кетпекші болған. Ал қайда  және не үшін қашпақ болғаны белгісіз.   

Ұқсас сілтемелер