Басып шығару нұсқасы
11.04.2018, 17:31

"Томирис" фильміне түсіп жатқан Альмира Тұрсынның видеосы жұрт талқысына түсті

"Томирис" фильміне түсіп жатқан Альмира Тұрсынның видеосы жұрт талқысына түсті, деп жазады Today.kz.

Желіге тараған видеода Альмира Тұрсын бір қарағанда атқа мініп шауып келе жатқандай көрінеді. Батыр қыз қылышын суырып алып айғайлап жауға шауып бара жатқан сәтті бейнелейді. Бірақ аттың бір орнында тұрғаны оператор алыстан түсіргенде анық көрінеді. 

Осы видеоға байланысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Альмираның видеосын қалжың ретінде қабылдаса, екіншілері "барлық жерде адамды алдайды" деп түңіліп пікір қалдырған. 

https://www.instagram.com/p/BhY6m2hHOww/?taken-by=ztb_video

Ұқсас сілтемелер