Басып шығару нұсқасы
13.03.2018, 12:13

Әлемдегі ең соңғы...

Жер бетіндегі ешкім де, ештеңе де мәңгі емес. Бәрінің де бір бастауы, бір соңы бар, әйтеуір... Біз ұсынған төмендегі тізімнен тарих беттеріне әлемдегі немесе өз тұқымындағы "соңғы" деген атпен жазылған оқиғаларды білетін боласыздар.

1. Әлемдегі ең соңғы матриархаттық қоғам


Қытайда мосуо аталатын (мусуо, мосо, моссо делінеді) екі мың жылдан бері матриархаттық қағидалармен өмір сүріп келе жатқан тайпа бар. Мосуоны кейде "Қыздар патшалығы" деп те атайды. Олар Юньнань провинциясының солтүстік бөлігіндегі, Лугу өзенінің жағалауына қоныстанған. Халық саны – 40 000. Тибеттік буддизмді ұстанатын елдің өз тілі бар, бірақ онда "әке", "күйеу" дегенді білдіретін бірде-бір сөз жоқ.

Әйелдер билікті толықтай өз қолдарына алған. Мүлік-мұраның барлығы да анадан қызға ауысады және ұл балаларға үйдің тұрғыны ретінде ғана қарайды. Ұл бала өсіп, балалы-шағалы болғанда да анасының үйінде қалады. Үйдегі басшы да – әйел. Олар неке деген ұғымды мойындамайды. Ер мен әйелдің бір-біріне деген ешқандай борышы, міндеті жоқ.

2. Гильотинмен жасалған әлемдегі соңғы өлім жазасы

Гильотинмен жасалған әлемдегі соңғы өлім жазасы 1977 жылдың 10 қыркүйегінде болды. Өзінің басын балтамен шапқызған қылмыскердің есімі де белгілі. Ол –  Хамида Джандуби. Өлім жазасы Франциядағы "Бометт" түрмесінде өткізілді. Тунистік иммигрант Марсельдегі танысы 21 жастағы Элизабет Бускені өлтірмек болған. Мұнан кейін Францияда немесе басқа бір елде мұндай жаза қолданылмады. 1981 жылы Франсуа Миттеран гильотин жазасын Франциядан біржола алып тастады.

3. Әлемдегі ең соңғы телеграф


2013 жылдың жазында Үндістанда әлемдегі ең ірі және ең соңғы телеграф агентттігі біржола жабылды. Бұл – 160 жылдық тарихы бар байланыс түрінің мәресіне жеткен жері.

Шешімді Үндістандағы мемлекеттік телекомуникациялық қызмет көрсету бөлімі шығарды. Оған басты себеп – миллиондаған шығындар мен ұялы және интернет байланыстарымен бәсекеге түсе алмауы болып отыр.

Осылайша, адамзат тарихындағы ең соңғы телеграмма 2013 жылдың 14 шілдесінде жіберілді. Осы күні телеграф бөлімшесіне мыңдаған үндістандықтар келіп, телеграммаларды достарына, туыстарына естелік зат ретінде салған екен.

4. Қолымен жазылатын әлемдегі ең соңғы газет


Әр күн сайын үндістандық Ченнан қаласының тұрғындары жаңалықтарды өз тілінде қолымен жазып шығады. Musalman – төрт бетті кешкілік газет және ол баспаға берілер алдында толықтай қолымен жазылып шығады. Газет беті ұлттық, жергілікті, спорттық жаңалықтар деген бағаналарға бөлінеді. Дәстүр бойынша, соңғы минуттарда болып қалуы мүмкін төтенше жаңалықтар үшін шағын бұрыш қалдырылады.

Musalman – Урду тіліндегі ең ескі газет және қолымен жазылатын газеттердің ең соңғысы саналады. Оның 22 000 оқырманы бар.

5. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ең соңғы ардагері


2011 жылдың мамыр айында әскери қақтығыстарға қатысқан Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ардагері - Клод Стэнли Чаулс қайтыс болды.

Ардагер 110 жасында аустралиялық Перте қаласындағы қарттар үйінде көз жұмды. К.Чаулс екі бірдей дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер ретінде үлкен құрметке ие болған.

Ол 110 жасында есту және көру қабілеттерінен айырылғанымен, ақыл-есі дұрыс болып, дәрі-дәрмектен бас тартқан. Ардагер соғыс туралы әңгіме айтуды ұнатпайды екен. Ардагер мұны «ақша әкелетін жұмыс» деп санаған екен.

Алайда, К.Чоулс қайтыс болардан екі жыл бұрын өз естеліктерін ғасырларға сақтап қалу үшін әдебиет курстарына барып, «Соңғылардың соңғысы» деген кітап шығарады.

Онда Ұлыбританияның тумасы 13 жасында фронтқа тап болғандығын айтады. Майданға алыну үшін Клод бірнеше жасты артық айтып, қулыққа барады. Нәтижесінде, әскери-теңіз флотына тап болып, Солтүстік теңіздегі айқастарға қатысқан екен.

Осы жылдың қыркүйек айының басында Германияда Адольф Гитлердің соңғы әрі осы күнге дейін тірі жүрген оққағары 96 жастағы Рохус Миш қаза болды.

6. Гитлердің ең соңғы оққағары


Ол 1945 жылдың 30 тамызындағы фюрер мен оның әйелі Ева Браун өздеріне қол жұмсаған бункерде болған. Миш пен басқа да оққағарлар өлім орын алғаннан кейін алғашқылардың бірі болып бөлмеген кірген екен.

Рохус Миш 1940-1945 жылдар аралығында Гитлерге қызмет еткен. Оның оққағарлықтан басқа ды қызметтері болды: Гитлер бар жерде телефонға жауап беру, оның жеке тапсырмаларын орындау. Мишты көбіне фюрердің жеке курері болған деп айтып жатады.

Рохус кеңес әскеріне ұсталып, он жылдай уақытын түрмелерде, лагерьлерде өткізеді.  1954 жылы босатылып, отанына қайтарылады. Ұзақ жылдар бойы Германияда өмір сүрген азмаматтың жеке дүкені болған.

Миш 2008 жылы «Соңғы куәгер. Мен Гитлердің телефоншысы, курьері және оққағары» болдым деген мемуар жазып шыққан.

© Айгерім Сматуллаева

Дереккөз: massaget.kz

Ұқсас сілтемелер