Басып шығару нұсқасы
08.03.2018, 11:11

Астана аялдамасында қыз-келіншектерге арнап дастархан жайылды

Астана аялдамасында қыз-келіншектерге арнап дастархан жайылды http://reactor.inform.kz

Ғаламторда қызық видео пайда болды. 8 наурыз мерекесі қарсаңында Астана аялдамасында қыз-келіншектерге арнап дастархан жайылған.

Видеоға «Әйелдің бақытты болуы үшін көп дүние қажет емес. Әдемі дастархан мен ер-азаматтың назары»-деп жазылған.

Ұйымдастырушылар үстелге қыз-келіншектер келіп отырған бойда қызмет көрсете бастаған. Қызмет көрсетушілер қатарында аспаз, даяшы мен музыкант бар. Ал үстелге ер адамдар келсе олар назар аудармаған.

©reactor.inform.kz

http://reactor.inform.kz

Ұқсас сілтемелер