Басып шығару нұсқасы
26.02.2018, 08:44

Өскеменде ретро автомобильдердің көрмесі өтеді

Өскеменде ретро автомобильдердің көрмесі өтеді kolesa.kz

Өскеменде ретро автомобильдердің көрмесі өтеді. Көрменің мақсаты – сирек кездесетін машиналарды қалпына келтіруге жастардың назарын аудару, деп хабарлайды Today.kz ustinka.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазір көрмеге қойылатын көліктердің тізімі жасалып жатыр. Жалпы көпшілік назарына алпысыншы жылдардағы отандық автомобильдер ұсынылады. Бірақ одан да ескі темір тұлпарлар бар. 

Барлық ескі көліктерді Өскемен қаласының сол жағалауында 14 наурыз күні 14:00-де өтетін көрмеде тамашалауға болады.