Басып шығару нұсқасы
08.02.2018, 19:45

Достық пен махаббат

Бозбала мен бойжеткендер арасында достық болуы мүмкін бе?
Бұл сұрақтың бірізді жауабы жоқ.

Біреулер бұл достыққа түпкілікті қарсылық танытса,  ал енді біреулер бірауыздан оны қолдайды.
Алайда әркімнің өз ойында қалары сөзсіз. Оқу, спорт, ортақ әуестіктер көптеген жас адамдарды біріктіріп,  біздің әкелеріміз бен аталарымыздың уақытында орынсыз, кейде тіпті ерсі саналатын қарым-қатынастың бұл түрі қазіргі ортада достыққа әкелері сөзсіз.
Әлбетте осының нәтижесінде жас адамдардың қарым-қатынастарында қатаң сақталған бұрынғы ережелер өзінің күшін жояды. 
Үлкен адамдар үшін әркез түсіністік танытып, жастарға жылы шыраймен қарау оңайлыққа түспейді. Ол үшін үлкен көрегендік және бүгінгі жастарды толғандыратын жайттарға түсіністік таныту қажет.
Осы кезге дейін жастардың жастардың жүріс-тұрысына қатаң тәртіп пен шек қойылып отырса, ендігі уақытта жастар арасындағы еркін қарым-қатынастағы шекараны дұрыс анықтауда қиындықтар туатыны анық.
Би кештеріндегі жастардың бір-біріне көңіл аударуы, қызығушылық танытуы әдептен тыс жағдай болып саналмайды.
Сол сияқты, егер де жастар бір-бірімен қол ұстасып, саябақта қыдырып, ай сәулесін тамашалауы да әдептен тыс жағдай болып саналмайды.
Достық қарым-қатынас осы шеңберден аспаған жағдайда, үлкендерге де, жастарға да алаңдаушылық танытудың қажеті жоқ.
Кейде кейінірек «оған» бұл достық қатынастар жеткіліксіз көріне бастағанда ғана, келіспеушіліктер тууы мүмкін.
Жастардың достығы қаншалықты берік болғанына қарамастан, қаншама арманшыл болғанымен қыз бала егер досы тым шектен шығып жатса, болған істі кері қайтара алмайтынын естен шығармағаны жөн.
Егер жас жігіт өзара үйлесімділік интимдік қатынастармен аяқталуы керек деп ойлайтын болса, келешектегі қарым-қатынастарының беріктігін сақтауы үшін бұдан аулақ болудың керектігі туралы мың рет ойланғаны дұрыс.
Баянсыз махаббат үшін әлі талай көз жасы төгілер, өйткені санаулы адамдар ғана жас шағында үйленуге  бел буа алады.

©kyzdaralemi.kz

Ұқсас сілтемелер