Басып шығару нұсқасы
27.01.2018, 15:17

Бет терісін ағартуға арналған ең оңай маскалар

Бүгін біз аруларымыздың бет күтіміне арналған ең оңай жасалатын маска түрлерін ұсынбақпыз. Өз сұлулығыңыз бен теріңіздің әсемдігі алаңдатар болса онда бізге құлақ түріңіз.

Ақжелкен маскасы. 2 ас қасық ақжелкенді ұсақтап, 2 ас қасық балғын айранға араластыру қажет. Бетке 30 минутқа жағып қойыңыз. Ем үшін 3 апта жасау керек.

Қияр маскасы. Қиярды үккіштен өткізіп алыңыз. Қоймалжыңды бетіңізге жағып, 20-30 минут ұстаңыз.

Ашытқы маскасы. 15-20 г ашытқыны жарты шай қасық лимон немесе грейпфрут шырынымен араластыру керек. Бетке 20 минутқа жағып, кейін жылы сумен шайып тастаңыз. Бетті жақсылап сүртіп, крем жағыңыз.

Бүлдірген маскасы. Бүлдіргеннің 10-15 талын езіңіз, үстіне бір ас қасық кілегей қосып, бетіңізге 20 минутқа жағып қойыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуыңыз.

Бадам маскасы. Бір уыс бадамның үстіне 100 г ыстық су құйыңыз. 10 минуттан кейін суын төгіп, бадамды еттартқыштан өткізіп алыңыз. Ботқаға жарты лимон шырынын қосып, жақсылап араластырып, бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Аптасына 2 рет 3 ай бойы пайдаланыңыз.

©jastar.kz

Ұқсас сілтемелер