Басып шығару нұсқасы
25.01.2018, 10:53

Бет күтімінің 10 ережесі

Бүгін біз сіздерге бет күтімінің 10 ережесін ұсынамыз. Осы төмендегі ережелер бойынша бетіңізге күтім жасайтын болсаңыз, өзіңіздің шынайы сұлулығыңыз бен теріңізді ұзақ мерзімге сақтай аласыз.

№ 1 ереже Бет күтіміне арналған құралдарды теріңізге сәйкес таңдаңыз. Таңдаған косметикаңыз сіздің теріңіздің типіне сәйкес келуі керек. Құрғақ, майлы терілердің қажеттіліктерінің бір-біріне ұқсамайтынын ескеріңіз.

№ 2 ереже Терінің сезімтал бөліктеріне ерекше назар аударыңыз. Бет терісінің кейбір бөлігі өте жұқа әрі сезімтал келеді. Осы себепке байланысты ол нәзік күтімді талап етеді. Әсіресе, көз айналасының терісі.

№ 3 ереже Нәзік тазарту. Сезімтал терінің күтімі макияжды кетіруден басталады. Тепе-теңдік пен күйзеліске қарсы қабілетін сақтап қалу үшін құрамында макияжды кетіруге арналған «pH» қоспасы бар косметиканы таңдаңыз.

№ 4 ереже Көз айналасы: өте қауіпті аймақ. Көз айналасының терісі басқа бөліктерге қарағанда 10 есе жұқа. Сондықтан, көздегі макияжды кетіру үшін оның арнайы түрін пайдаланыңыз.

№ 5 ереже Пилинг – тері күтімі үшін ең қажетті рәсімдердің бірі. Теріңізге байланысты пилинг түрін аптасына 1-2 рет жасаңыз. Пилинг әсерлі әрі теріні зақымдамайтындай болуы тиіс.

№ 6 ереже Ылғалдандыру. Дерманың 70%-ы, эпидермистің 15%-ы судан тұрады. Сондықтан оны үнемі ылғалдандырып тұру керек. Ол үшін құрамында ылғалдандыратын компоненттері бар косметика мен арнайы маскаларды пайдалануыңызға болады.

№ 7 ереже Мүмкіндігінше гипоаллергенді декоративті косметика таңдаңыз. Бұрын-соңды қолданып көрмеген косметиканы пайдалану үшін гипоаллергенді қабілеті барын таңдаңыз.

№ 8 ереже Күннен қорғау. Жылдың қай мезгілі болса да, құрамында күннен қорғайтын фильтрі бар косметиканы таңдаңыз. Олар тез қартаюға әсер ететін күн сәулесінен қорғайды.

№ 9 ереже Сырттан келетін қауіпті факторлардан сақтаныңыз. Ол факторлар – темекі түтіні, күйзеліс және т.б. Мұның барлығы да теріге зиянды әсерін тигізеді. Таңертең косметика жағып, кешке үйге келген кезде оны міндетті түрде сүртіңіз.

№ 10 ереже Еріндеріңізді де ұмытпаңыз. Қажеттілігін сезе салысымен ерінді ылғалдандыратын гигиеналық далап жағыңыз. Оны қанша жақсаңыз да өз еркіңіз.

©kyzdaralemi.kz

Ұқсас сілтемелер