Басып шығару нұсқасы
21.01.2018, 13:46

Астанада дабылды ескерту жарияланды

22-26 қаңтар аралығында Астана қаласында ауа температурасы күндіз -27...-32, түнде -35...-40 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы РМК «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды. 

Синоптиктер 22-26 қаңтар аралығында республиканың солтүстік , орталық және шығыс аумағында күн райы аязды болады деп болжайды.

«22-24 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында сынап бағанасы түнде -35...-40 градусқа дейін, ал 24-26 қаңтар аралығында -45 градусқа дейін түссе, күндіз ол -27... -32 кей жерлерде – 35 градусты көрсететін болады. Қостанай облысында ауа температурасы түнде -33...-38 градусты, күндіз -20...-25 градусты құрамақ», - делінген хабарламада. 

Мамандардың атап өтуінше, дабылды ескерту ықтималдығының 95%-ды құрайды

©astana.gov.kz.